No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаскелең – Есік – Талғар – Алматы – Ұзынағаш бағытында LRT салынбақ

16.06.2023
Жаңалықтар
26
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде жеңіл рельсті транспорт (LRT) салуға ниетті түріктің “Ташяпы” компаниясымен меморандумға қол қойды.

Облыс әкімдігінде бұған дейін екі кездесу өтіп, жоба талқыланған болатын. Бүгін де LRT салудың Алматы қаласы мен облыс тұрғындары үшін қолайлы әрі тиімді тұстары сөз етілді.

“Ташяпы” компаниясы Қаскелең – Есік – Талғар – Алматы – Ұзынағаш бағыттары бойынша жеңіл рельсті тарнспорт жүйесін дамытуды жоспарлап отыр. Халық тығыз қоныстанған Талғар және Қаскелең қалаларында LRT жанында арнайы тұрақ болады. Тұрғындар көліктерін сол тұраққа қойып, ары қарай LRT-мен Алматыға қатынайды. Бұл өз кезегінде қала мен оның маңындағы аудандарда кептелісті азайтады. Облыстың 300 мың адамы күніне Алматыға кіріп шығатынын ескерсек, қалаға жүктеме азаятыны сөзсіз”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Әзірше, жобаның жалпы құны қанша болатыны, тартылатын инвестиция көлемі белгісіз. Компания техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға 3 шілдеден кейін кіріседі. Серіктестік мамандарының есептеуінше, айына 3,5-4 млрд кіріс кіреді деп жоспарланып отыр.

“Жоба Алматы қаласы мен облыс аумағында жол-көлік жүйесін дамытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар үйлесімді-теңдестірілген жол-көлік кешенін құру, “Қала адамдар үшін” қағидатын іске асыру, аймақтың тартымдылығын арттыру секілді мәселелер шешіледі. Құжатқа қол қойылған соң да ақылдасатын бірнеше сұрақтар бар. Сіздердің ұсыныстарыңызға қарай ортақ шешім шығаратын боламыз”, – деді өңір басшысы.

Билет құны шамамен 500 теңге болады. Адамдар жұмысқа барып-қайтқан уақытта ЖРТ 50-100 мың тұрғынды тасымалдайды. LRT ұзындығы 80 шақырым болмақ. Алматы мен Қонаев арасындағы жолды қосқанда 150 шақырымды құрамақ. Ал құрылыстың 1 кезеңі Талғар-Алматы арасында LRT салудан басталады. Қонаев-Алматы жобасы 2-кезекте қаралады.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Тенгизшевройлға” 2,8 млрд теңге айыппұл салынды

16.08.2023

Қазақстанның телефон коды өзгереді

16.03.2023
Фото: inform.kz

Каирде күрделі жөндеуден өткен Сұлтан Бейбарыс мешіті ашылды

04.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа