No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жаңғақ өсірілуде

Алматы облысында қазақ топырағында көп кезедесе қоймайтын жеміс ағашын өсіріп отырған шаруа бар.

01.11.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook
Мәншүк Жексембекова – жай шаруа ғана емес, биология ғылымдарының докторы. Ұзақ жылдар бойы биотехнология саласында зерттеу жүргізген. Сөйтіп, зерттеуін іс жүзінде көрем деп бір кездері Алматы облысының Түрген ауылына табан тірейді. Әкесі де бағбан болған екен. Енді осы бір кәсіпті ғылыммен ұштастырып, табыстың көзін тапқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.24.kz-ке сілтеме жасап.

Диқандардың еңбегі Мәншүк Жексембековаға бала кезінен таныс. Оның әкесі де – жер емген шаруа. Ауылға келіп, жеке шаруашылығын жолға қойған Мәншүк қазір алты бағытта кәсібін дөңгелетіп отыр. Соның бірі – 81 гектар жерді алып жатқан бақ. Мұнда грек жаңғағы, бадам және фундук егілген. Жаңғақтың соңғы түрін 2017 жылдан бастап өндірістік ауқымда өсіріп келеді. Қазақстанда бұған дейін жаңғақ бағы болмаған.

«Біздің өңірде агротуризмді дамытуға мүмкіндік көп. Себебі шаруа қожалықтары алуан түрлі өнім өсіреді. Жеміс-жидектер, жүзім, алма, жаңғақ бақтары туристер үшін қызық. Олардың неше түрлі сұрыптары бар. Біздің фермерлердің көпшілігі жақсы өнім алудың ерекше технологияларын біледі. Олар өздерінің тәжірибелерімен бөлісуге дайын», – дейді шаруа қожалығының басшысы Мәншүк Жексембекова.

– Фундуктың ішкі нарықтағы бағасы келісіне 5 мың теңге, – дейді шаруа. Сондықтан өндірістік ауқымда өсіру импортты алмастыру мәселесін шешеді және бағаны айтарлықтай төмендетеді. Қыркүйек айында фермер алғашқы агротур ұйымдастырыпты. Туристер жаңғақ жинауды тамашалап, дәмін татқан. Бұл жолы қонақтар шаруашылыққа көмектесіп, бақтың айналасына терек көшеттерін отырғызды. Терек тез өседі. Болашақта орман жаңғағын үсік пен желден қорғайды.

«Терек орманның алғы шебінде тұрады десек болады. Теректен кейін басқа ағаштар жақсы өседі. Бүкіл әлемде осы тәжірибені қолданады. Бұл Қазақстан үшін де қолайлы», – дейді Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ бөлім басшысы Ринат Фазылбеков.

Келушілер ұзын-саны 200-ге жуық терек екті. Мамандардың айтуынша, жас қалемшелер небәрі 3 жылда жайқалып шыға келеді. Осылайша фундук ағаштарының мол өнім беруіне де септігін тигізеді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Жетісу облысының фермерлерімен кездесті

19.07.2022

Мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейтін сұлулық салоны ашылды

21.08.2022

“Миллионер за минуту”: 90 күнде милллионер болған әйел туралы

04.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа