No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жаңғақ өсірілуде

Алматы облысында қазақ топырағында көп кезедесе қоймайтын жеміс ағашын өсіріп отырған шаруа бар.

01.11.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook
Мәншүк Жексембекова – жай шаруа ғана емес, биология ғылымдарының докторы. Ұзақ жылдар бойы биотехнология саласында зерттеу жүргізген. Сөйтіп, зерттеуін іс жүзінде көрем деп бір кездері Алматы облысының Түрген ауылына табан тірейді. Әкесі де бағбан болған екен. Енді осы бір кәсіпті ғылыммен ұштастырып, табыстың көзін тапқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.24.kz-ке сілтеме жасап.

Диқандардың еңбегі Мәншүк Жексембековаға бала кезінен таныс. Оның әкесі де – жер емген шаруа. Ауылға келіп, жеке шаруашылығын жолға қойған Мәншүк қазір алты бағытта кәсібін дөңгелетіп отыр. Соның бірі – 81 гектар жерді алып жатқан бақ. Мұнда грек жаңғағы, бадам және фундук егілген. Жаңғақтың соңғы түрін 2017 жылдан бастап өндірістік ауқымда өсіріп келеді. Қазақстанда бұған дейін жаңғақ бағы болмаған.

«Біздің өңірде агротуризмді дамытуға мүмкіндік көп. Себебі шаруа қожалықтары алуан түрлі өнім өсіреді. Жеміс-жидектер, жүзім, алма, жаңғақ бақтары туристер үшін қызық. Олардың неше түрлі сұрыптары бар. Біздің фермерлердің көпшілігі жақсы өнім алудың ерекше технологияларын біледі. Олар өздерінің тәжірибелерімен бөлісуге дайын», — дейді шаруа қожалығының басшысы Мәншүк Жексембекова.

— Фундуктың ішкі нарықтағы бағасы келісіне 5 мың теңге, — дейді шаруа. Сондықтан өндірістік ауқымда өсіру импортты алмастыру мәселесін шешеді және бағаны айтарлықтай төмендетеді. Қыркүйек айында фермер алғашқы агротур ұйымдастырыпты. Туристер жаңғақ жинауды тамашалап, дәмін татқан. Бұл жолы қонақтар шаруашылыққа көмектесіп, бақтың айналасына терек көшеттерін отырғызды. Терек тез өседі. Болашақта орман жаңғағын үсік пен желден қорғайды.

«Терек орманның алғы шебінде тұрады десек болады. Теректен кейін басқа ағаштар жақсы өседі. Бүкіл әлемде осы тәжірибені қолданады. Бұл Қазақстан үшін де қолайлы», — дейді Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ бөлім басшысы Ринат Фазылбеков.

Келушілер ұзын-саны 200-ге жуық терек екті. Мамандардың айтуынша, жас қалемшелер небәрі 3 жылда жайқалып шыға келеді. Осылайша фундук ағаштарының мол өнім беруіне де септігін тигізеді.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан алдағы жеті жылда 150 млрд доллар инвестиция тартады

24.12.2022

Кентаулық отбасы темірден қажетті құралдар шығаруда

18.01.2023

570 мың теңге. Қазақтсандағы жалақысы көп жұмыс қандай?

29.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа