No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының әкімі нидерландтық компаниямен келісім жасасты

11.01.2023
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысының әкімдігі нидерландтық «Dutch Clean Tech» компаниясымен бірлесіп, «Алматы облысының аумағында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және жаңарту» жобасын жүзеге асырмақ. Осыған орай облыс әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ компания өкілдерін қабылдап, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

– Біздің серіктестігіміз компанияның жұмысына, облысымыздың дамуына игі әсер етеді деп ойлаймын. Сіздер ірі қалалармен қатар шағын елдімекендерді дамытуға үлес қосасыздар деп сенемін. Біздің облыс ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді. Халықтың 83 пайызы ауылда тұрады. Бұдан бөлек, Алматы облысында туризмді дамыту мақсатында ең алдымен инфрақұрылымды жақсарту міндеті тұр. Ауыл шаруашылығы, туризм салаларын ілгерілетуде бірлесе еңбек етеміз, – деді облыс әкімі.

Ал «Dutch Clean Tech» компаниясының бас операциялық директоры Яспер Слюймерс өз жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік бергені үшін облыс әкіміне алғысын жеткізіп, облыс тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз етуде қос тараптың бірлескен жұмысы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, компанияның тиімділігі – инвестицияның 100 пайызын өздері тартып, 80 пайыз қазақстандық жеткізушілерге мүмкіндік беретінінде екенін жеткізді.

«Dutch Clean Tech» технологиясының ерекшелігі – толықтай таза суға қол жеткізуге, электр энергиясын пайдалану көлемін 30 пайызға үнемді қолдануға бағытталған. Ал кәріз-тазарту жүйесі тұнбаларының 40 пайызы қарашірік түзуге қайта пайдаланылмақ. Бұдан соң қос тарап ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Бақылау – касса машиналарын қолданушылар нені ескеру керек?

29.09.2022

Мемлекет енді бизнеске араласпайды – Тоқаев

12.09.2022

Ұлттық палатада әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комитет құрылады

13.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа