No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 8 жастағы қызды ұрлап әкеткен азаматтың пиғылы белгілі болды

07.06.2023
Жаңалықтар
Фото: mltpl.city
216
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысында белгісіз азамат алдап әкеткен 8 жастағы қызды алдымен қонақүйге апарған, деп хабарлайды kazbusiness.kz. Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Ол аздай, қаршадай қызды құшақтап, такси ішінде ерсі әрекетке барған дейді. Мұның барлығын қыз анасына айтып беріпті. Ал бүгін қонақүй әкімшілігі «біз жөндеуге жабылдық, жұмыс істемейміз» деп отыр.

Желіге жүктелген жазбадан бұрын күдікті жол бойындағы қонақүйге тоқтап, бөлме сұраған. Дүкенге барып, алаңдаулы қыздың көңілін де аулай бастаған.

«Нұр-Әли деген қонақүйге кірдік. Қонақүй қызметкеріне 2000 теңге беріп еді, ол бұл ақша тек 1 сағатқа ғана жетеді деп алмады. Кейін мені таксиде құшақтап, бетімнен сүйді. Маған оның бұл әрекеті ұнамады. Дүкенге тоқтап, маған тәтті сусын мен кәмпит таяқшасын алып берді. Жүргізуші ағайға айтуға қорықтым», – дейді қыз.

Жазғы лагерьге бара жатқан жеткіншекті жол бойында такси күтіп тұрған жерден алып кеткен. Оны 36 жастағы күдікті жеткізіп тастаймын деп таксиге отырғызған көрінеді.

«Қыздың жалтаңдап тұрғанын байқадым. Ақырын қызбен сөйлесіп, үйге алып кірдім. Екеуіміз қызға таласып қалдық. Артымнан қалмай жүріп алды», – деді куәгер Күләш Теңелбаева.

Перзентім құрбан бола жаздады деген анасы қазір дел-сал күйде. Мұндай жағдайды бастан кешемін деп ойламадым деп жылап отыр. Үнемі қызын әкесі жетектеп жолға шығарып салады екен, ал кейін такси әкетеді.

«Таңертең сағат 9.00-ге таман шығып кеткен. Содан жүрегім сезді ме, білмеймін, хабарласа бастадым. Әлі келмеді деді. Балалармен ойнап қалған шығар деп ойладым. Мұндай жағдайды ешкімнің басына тілемеймін. Осындай әрекетке барған адам ең ауыр жазасын алсын», – дейді қыздың анасы Римма Халмұратова.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша Жамбыл ауданы полиция бөліміне тіркелді. Жедел іздестіру барысында 1987 жылғы күдікті анықталып, ұсталды. Заңнамаға белгіленген тәртіппен ұсталған адам қамауға алынды», – деді ПД баспасөз хатшысы Ернар Сайділдин.

Күдікті қазір адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатыр. Алайда жәбірленушінің анасы қызын зорлауға оқталған деп қорқады. Сондықтан тергеудің дұрыс қаралғанын қалайды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

1 шілдеден бастап жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері артады

27.06.2023

Қазақстанда сәби қанша тұрады?

14.02.2023
фото: ашық дереккөз

Петропавлда салынып жатқан ЖЭО-2 құбырында қателіктер анықталды

11.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа