No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған 500-ден аса сауда павильоны жабылды

08.12.2022
Жаңалықтар, Айна
4
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматыда 500-ден аса сауда павильоны заңсыз салынған. Осыған байланысты қала құрылысын бақылау басқармасы еш себепсіз сауда орнымызды сот арқылы жауып тастады. Бүгін әкіммен кездесуде алматылық кәсіпкерлер осылай деп шағымдарын айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сөздерінше, оннан аса бизнесмен табыссыз қалған. Ал, Ерболат Досаев: «ғимарат заңсыз салынғаны үшін жабылды»,- дейді.

Барлық мәселе дәл осы сауда павильондары жайында. Мұнда бір ай бұрын сауда қызып тұрған. Бірнеше адам жұмыспен қамтылып, отбасын асырап отырған. Алайда, қала құрылысын басқару басқармасы сот арқылы жаптырып тастапты. Ашынған кәсіпкерлер мұңын бүгін әкімге айтты.

Досаевтың сөзінше, ол ғимарат заңсыз салынған және қызыл сызықта орналасқан. Сол себепті, кәсіпкерлерге жұмыс істеуге рұқсат жоқ.

«Егер сіздер заңсыз жұмыс істесеңіздер, біз де осылай әрекет ететін боламыз. Басқа амал жоқ. Біз бас жоспарға стационарлық емес сауда орындарына қатысты жаңа ережелер енгізіп жатырмыз», деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Бір қызығы, қаланың қақ ортасындағы 520-дан астам сауда павильоны заңсыз салынған екен. Мұны Ерболат Досаевтың өзі мойындады. Әкімдіктің көзін бақырайтып қойып, ғимаратты қалай салғандары белгісіз.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Талдықорғанда тәулігіне 100 текше газ блок кірпіштері шығарылады

30.09.2022

Бөлшек салымшылардың саны артты

15.11.2022

Алматы облысында бизнеске заңсыз араласқан 16 лауазымды тұлға сотталды

25.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа