No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Altyn Bank ипотека бойынша мөлшерлемені төмендетті

27.06.2023
Жаңалықтар
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Altyn Bank өз ипотека бағдарламалары бойынша мөлшерлемелер төмендетілгенін хабарлады. Енді банк клиенттері тұрғын үй несиесін әлдеқайда тиімді шарттармен ала алады. Ал ол үшін банкке барудың қажеті жоқ, өтінішті Altyn-i қолданбасында онлайн беруге болады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Altyn Bank қандай ипотекалық бағдарламаларды ұсынады?

Altyn Bank өзінің ипотекалық өнімдерін сонымен қатар тізімі үнемі кеңейіп отыратын құрылыс салушылармен бірлескен серіктестік бағдарламаларды да ұсынады. Қос бағдарлама да клиенттерге жылжымайтын мүлікті сатып алудың қолайлы шарттарын ұсынады.

Ипотека мөлшерлемелері қалай өзгерді?

Өзінің ипотекалық бағдарламасы бойынша несиелік мөлшерлеме жылдық 15% – дан басталады (ЖТСМ 19,6% – дан), бұл ұсынысты нарықтағы ең тартымды ұсыныстардың біріне айналдырады.

Бұрын мөлшерлемелер жылдық 16,5%-дан (ЖТСМ 21,77%-дан) басталған.

Құрылыс компанияларымен серіктестік ипотека бағдарламасы бойынша мөлшерлемелер жылдық 0,1%-дан (ЖТСМ 0,1%-дан) басталады. Мөлшерлемелер әсіресе ұзақ мерзімге – 10 жылдан 20 жылға дейін берілетін несиелер үшін айтарлықтай төмендеді. Бұл жағдайда мөлшерлемелер жылдық 13%-дан (ЖТСМ 13,8%-дан) басталады.

Серіктестік ипотека бағдарламасы бойынша қалай ипотека рәсімдеуге болады?

  1. Серіктес құрылыс компаниясымен хабарласып, пәтер таңдаңыз. Серіктестер тізімі банктің сайтында көрсетілген. https://altyn-i.kz/partners.
  2. Altyn-i ұялы қолданбасында ипотекаға өтініш беріңіз. Өтінішті мақұлдауға небәрі бірнеше минут кетеді.
  3. Өтініш мақұлданғаннан кейін жеке кабинетіңізде ипотеканың рәсімделгенін растап, банктік  келісімшарт жасау қажет.
  4. Банк ақшаны құрылыс компаниясына өзі аударады және сол туралы SMS арқылы хабарлайды.

Altyn Bank ипотека бағдарламалары бойынша шарттар қандай?

Өз ипотека бағдарламасы:

  • Бастапқы жарна 0%-дан басталады (бастапқы жарнаның орнына қосымша кепіл болған жағдайда).
  • Сыйақы мөлшерлемелері – 15%-дан (ЖТСМ 19,6%-дан) басталады.
  • Несие сомасы – 175 млн. теңгеге дейін.
  • Несие мерзімі – 240 айға дейін.
  • Рәсімдеу комиссиясыз/комиссиямен.

Құрылыс компанияларымен бірлескен серіктестік ипотека бағдарламасы:

Бастапқы жарна 0%-дан басталады (бастапқы жарнаның орнына қосымша кепіл болған жағдайда).

Сыйақы мөлшерлемелері – 0,1%-дан (ЖТСМ 0,1%-дан) басталады.
Несие сомасы – 80 млн. теңгеге дейін.
Несие мерзімі – 240 айға дейін.
Клиенттер үшін комиссия жоқ.

Сондай-ақ, қос бағдарлама да несиені кірісті растаумен және растаусыз рәсімдеуді қарастырады.

Алтын Банк-те кім және қандай жылжымайтын мүлікті ипотека бойынша сатып ала алады?

Altyn Bank-те 21 жастан асқан және несие мерзімі аяқталғанға дейін 65 жастан аспайтын Қазақстан азаматтары немесе ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар басқа мемлекеттің азаматтары ипотека рәсімдей алады.
Банкте еңбек өтіліне қатысты талап қоймайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.23 / 194/33 лицензиясы. Қазақстан Республикасы

Анықтамалық ақпарат:

“Altyn Bank” АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) – корпоративтік және бөлшек сауда клиенттерге қызмет көрсететін әмбебап коммерциялық банк. 6 филиалы бар: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау қалаларында.
Altyn-i – жеке тұлғаларға арналған цифрлық банк, Altyn Bank жасаған бренд. Негізгі артықшылықтары – қызметтердің 24/7 қолжетімділігі, икемді шарттар және инновациялық цифрлық мүмкіндіктер.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Каспий теңізінде үрлемелі матраста шомылған үш қызды толқын теңізге ағызып кеткен

25.07.2023

Газ өндірісі бірнеше есе артпақ

30.05.2023

Қарыздан құтылуға бағытталған алғашқы қадамдар

21.12.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа