Әлеуметтік желіде “әскери киім киген белгісіз біреулер “Алтын Орда” базарының аумағындағы кеңселердің бірін қоршауға алып, күзет кабиналарын қиратты” деген ақпарат пайда болды. Жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.
“Бұлар өздерін жаңа күзетшілерміз таныстырған жігіттер. Қазір әскери киім киген белгісіз біреулер заңсыз әрекеттер жасап жатыр. Бұл қызметкерлердің әрекеті – негізсіз басып алу”, – дейді видеоны таратқан автор.
Жағдайға қатысты Алматы облысы бойынша Полция департаменті жауап берді.
Ведомствоның хабарлауынша, 21 маусымда әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында “Алтын Орда” базарының аумағын белгісіз біреулер тобы күзетіп жүргені анықталды.
“Бұл факт негізінде Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі “Өзінше билік ету” бойынша Қарасай аудандық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Қазір “Алтын Орда” базары аумағында күзет қызметін көрсетуге агенттіктің келісімшарттары бар екені анықталды.
Осыған байланысты тергеу мүдделі тұлғалардың қолданыстағы келісімшарттрын басқа да құқықтыұ құжаттарын зерделеп, тиісті тексеру жүргізіп жатыр”, – деп хабардар етті Алматы облыстық Полиция департаментінен. Полиция қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері болмағанын атап өтті.