Ақмола облысының арнайы прокурорларымен мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында бұрын істеген тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Сот санкциясымен ол күзетпен ұстауға алынды.
Оған жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деп күдік қойылып отыр. Атап айтқанда, нақты жұмыстарды орындамай ол бюджеттен 1 млрд 244 млн тенге төленген.
Осы факт бойынша ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен (аса ірі көлемде жымқыру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Осындай қылмыс жасаған үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.