No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақшаны орынсыз қалай жұмсамауға болады: 5 кеңес

27.12.2022
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
3
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бірінші кеңес: Үнемшіл болыңыз — бұл саналы тұтынудың басты қағидасы.

Мысалы, бөлмеден шыққанда жарықты сөндіріңіз, пайдаланбаған кезде шүмектегі суды тоқтатыңыз. Телефонның, компьютер мен планшеттің зарядкасын да дәл солай өшіріп жүрген абзал.

Саналы тұтыну қағидасын өмірдің барлық саласында, сондай-ақ ақшаға қатысты да пайдалануға болады, әрі пайдалану қажет.

Екінші кеңес: Жарнамаға сақтықпен қараңыздар. Теледидар экрандарында, телефондарыңызда, көшедегі жарнама қалқандарында күндіз-түні сатып алуды ұсынып жататын заттарды сатып алуға асықпаңыздар. Оның өзіңізге қаншалықты керек екенін ойлануға уақыт беріңіз.

Үшінші кеңес: Әуелі ең керектілерін сатып алыңыз, тек осыдан соң ғана қосымша заттарды алуға болады. Ата-анаңызбен дәл қазір сізге нені сатып алу маңызды екенін, ал нені қоя тұруға болатынын кеңесіңіз.

Тағы да естеріңізге сала кетейік, керекті шығындар болады және қалаулы шығындар болады. Керектілер — бұл міндетті шығындар (тағам, коммуналдық төлем, салық және т.б.), ал қалаулылар — көңіліңіз қалайтын, бірақ әзірге болдырмай-ақ қоюға болатын, мысалы, компьютер ойындары, қымбат гаджеттер және т. б.

Төртінші кеңес: Оқуға инвестиция салыңыздар. Шетел тілдерін оқып, пайдалы ермек табыңыз. Қаржы туралы, табысты адамдардың автобиографиялары жайлы көбірек кітаптар мен материалдар оқыңыз.

Бесінші кеңес: Артық ештеңе алып қоймау үшін дүкенге не сатып алатыныңызды жоспарлап барыңыз. Сауда орталықтарында заттар оларды барынша көп адам алатындай етіп орналастырылған.

Оның үстіне менеджерлер көздің алдына ең қымбат заттарды қояды, ал арзанырақтары әдетте алысырақ, шетке қарай, бұрышқа қойылады. Касса маңындағы тәттілер де бала оны көріп, қолына алып, ата-анасынан сатып әперуді өтінуі үшін төмен қарай қойылады.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қаржы пирамидасын анықтаудың 6 белгісі

26.12.2022

Алматы облысындағы жалғыз цехта тәулігіне 1200 дана армосетка шығарылады

20.06.2022

Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін автокөліктердің шығарылуына тыйым салынған

18.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа