Сайтта мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін отандық әртістердің ақшасы туралы ақпарат көрсетілді, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы.
“Ашық НҚА” порталында қазақстандық әртістердің гонорары туралы қате ақпарат жарияланды. Әртістер мемлекеттік концерттерге тегін қатысады. Олардың көпшілігі қайырымдылық концерттеріне белсенді қатысады. Мәдениет комитетінің басшылығы мемлекеттік концерттерді өткізу шығындарын ұлғайту туралы шешім қабылдаған жоқ”, – делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.
“Ашық НҚА” сайтында тиісті құжат жойылған.
Айта кету керек, осыған дейін мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін отандық әртістерге берілетін гонорар жарияланды.