No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Арыста балық шаруашылығы өркендеуде

21.11.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Дермене ауылының іргесіндегі Арыс өзенінің жиегінде жұмыс істей бастаған «DERMENE AGRO GROUP» ЖШС-нің жұмыс-жайымен танысқан Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова өңірде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келе жатқанын айтты.

Ені – 7, ұзындығы – 26, ал тереңдігі – 2 метр болатын 6 су бассейінінде 30 мыңнан астам сазан тұқымдас шабақ өсіріп отырған дерменелік кәсіпкер Мақсат Тоқболаев 3 жылдан бері осы кәсіпке ден қойған. 5-6 айдан кейін өз өнімін нарыққа шығаратын ол жергілікті үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған.

Бас-аяғы 40 миллион теңге қаржысын туған жеріне инвестиция ретінде құйған азамат аталған нысанға соңғы шабақты салу шарасына қала әкімін арнайы шақырған. Өйткені, кәсібінің дөңгелеуіне белгілі бір деңгейде жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмек-кеңестер алып отырады.

«Осылайша, өзара ынтымақтаса отырып, ел экономикасын жақсартып, тұрмыс-тіршілігімізді түзейміз деген сенімдемін», – дейді кәсіпкер Мақсат Рахымжанұлы.

Ал қала әкімі Гүлжан Мамытқызы соңғы уақытта Арыс өңірінде балық өсіру саласы кең өріс алып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, тәжірибелік тұрғыда және өзге де бағыттарда кәсіпкерлерге жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмектер ұйымдастырылуда.

Осы күнгі салмағы орташа есеппен 72 граммды құрайтын шабақ сәтін салса 5-6 айдан соң, 2-2,5 килограммға дейін өсіп, жетіледі. Ал оны өткізу жағы қазірдің өзінде шешілген. Алматы қаласындағы балық тарату нарығының 70-80 пайызын қамтамасыз ететін бір компания дерменелік балықтың килограммын 2-2,5 мың теңге шамасында сатып алатын болып ұсыныс білдіріп отыр.

Жақын күндері кәсіпкер су астын оттегімен қамтамасыз ететін арнайы аэроаторлар орнатсақ дейді.

«Өйткені, қыс мезгілінде су бетіне мұз қатып, судың құрамындағы оттегі төмендеуі мүмкін. Оның үстіне ауа температурасы +10 градустан төмен түскен жағдайда балық ұйқыға кетіп, қозғалысы баяулайды. Ол кезде оның өсу процесі де қарқынды болмайды», – дейді Мақсат Рахымжанұлы.

Бүгінде кәсіпкер бассейін аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тікелей телефоннан бақылау жүргізетін бейнебақылау камераларын орнатқан. Озық технологияны оңай меңгеруді мақсат еткен кәсіпкер келешекте балық бассейінін кеңейтумен қатар, уылдырық алу мен дернәсілдерді шабақ күйіне дейін өсіруді де қолға алуды көздеп отыр.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

1 қазанға дейін мүлік салғын төлеу міндет

22.09.2022

Маңғыстауда жалған дипломмен сабақ беріп жүрген сегіз мұғалім ұсталды

19.06.2023

Ақмола облысында темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылды

17.10.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа