No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Арыста тағы бір шеберхана ашылды 

600 шаршы метр аумақта орналасқан шеберханада үлкенді-кішілі 7 станок жұмыс істейді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ERNUR.KZ поратлына сілтеме жасап.

15.09.2022
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Арыс қаласындағы вагон жөндеу депосында шеберхана ашылды. Арыс қаласындағы вагон жөндеу депосы филиалының базасында вагон доңғалақтарын күрделі жөндеуден өткізетін шеберхана ашылды. Сала мамандарының айтуынша, бұл республика бойыша 13-ші, ал оңтүстік өңірде іске қосылған алғашқы жөндеу шеберханасы.

Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық пен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры Аманкелді Арысбаев, «Қазтеміртранс» АҚ бас инженері Нұрлан Жүсіпов пен өзге де серіктес кәсіпорын басшылары және теміржол саласының майталмандары мен вагон депосының қызметкерлері қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Қазақстандағы теміржол саласында Арыс қаласының алар орны ерекше әрі маңызы жоғары екендігін атап өтті. Бүгінде 270 адамды жұмыспен қамтып отырған бұл кәсіпорында жаңа өндірістік цехтың ашылуы нәтижесінде, тағы 25 адам тұрақты жұмысқа орналасады деп жоспарланған.

Жалпы, бұл шеберхана қызметі облыс аумағындағы теміржол саласында ғана емес, республика бойынша сұранысқа ие. «Astana Railways Services» ЖШС-нің бас директоры Бауыржан Мұсағитовтың пікірінше, мұндай кәсіпорынның Арыс қаласында іске қосылуы құптарлық жайт. Өйткені, қазіргі кезде Алматы мен Қызылорда облысының аралығын қамтитын теміржол шаруашылығында мұндай деңгейде қызмет көрсететін кәсіпорын жоқ.

Ал «Astana Railways Services» ЖШС Арыс вагон жөндеу депосы» филиалының директоры Әділхан Ибрагимов болса, шеберхана доңғалақ жұптарын күрделі жөндеуге арналған өндірістік стратегиялық нысан екенін тілге тиек етті.

Оның сөзінше, бұл жерде доңғалақ жұптары ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуден өткізіледі. Демек, ендігі жерде вагон паркі иелері доңғалақ жұптары мен вагондарды жөндеу үшін уақыт жоғалтпай әрі қосымша шығындалмай «бір терезе» қағидасымен қызметті тиімді пайдалана алады.

Салтанатты шара аясында кәсіпорын лентасы қиылған соң, қонақтар назарына шеберхананың жұмыс істеу процесі көрсетіліп, вагон жөндеу депосының тыныс-тіршілігі көпшілікке таныстырылды. Айта кетейік, 600 шаршы метр аумақта орналасқан шеберханада үлкенді-кішілі 7 станок жұмыс істейді. Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы Жандос Жұмабаевтың айтуынша, вагон жөндеу депосында қазіргі кезде 270 адам еңбек етеді.

 

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алаяқтықпен ұсталған генерал-майор Біләловтың тергеуі аяқталды

29.05.2023

Автокөлікке VIP нөмірді интернет арқылы алуға болады

30.05.2023

Сарқан ауданында жас отбасы бөдене фермасын ашты.

01.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа