No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астықты экспортқа тиеу 14 пайызға артты

15.10.2022
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанның астық өңдеушілер одағының, астық трейдерлерінің, ірі экспорттаушылар мен экспедиторлардың қатысуымен “ҚТЖ” ҰК” АҚ, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен “Атамекен” ҰКП өкілдерінің бірлескен отырысында биылғы астықты тасымалдау мәселелері талқыланды.

Қазақстанда жабық жүк вагондары мен астық тасымалдаушылар паркі 2014 жылдан бастап бәсекелестік ортада. Барлығы 10 мыңнан астам астық тасымалдаушы хоппер бар, оның негізгі бөлігі “Астық Транс” АҚ басқаруында. ҚТЖ-да астық тасымалдаушылар жоқ. Жабық вагондар паркі 17,5 мыңнан асады. Оның ішінде “Қазтеміртранс” АҚ (ҚТТ) меншігінде азық-түлік жүктерін тасымалдауға жарамды 2 мың ғана жабық вагон бар.

“Биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстан ішінде астық тиеу өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 13%-ға, экспортқа тиеу 14%-ға өсті. Ұнтақ өнімдерін тиеу республика бойынша 34%-ке және экспортқа 87%-ға ұлғайтылды. Ең жоғары кезеңде ҚТТ вагондарына сұраныс едәуір өсті, оларды пайдалану қызметтері нарықтық қызметтерден 30-40% төмен”, – деп жазылған хабарламада.

Кеңеске қатысушылар вагон паркін тиімді пайдалану туралы, вагондардың орташа айналымы уақытының 60% құрайтын станцияларда бастапқы және соңғы операцияларды жүзеге асыру кезінде вагондар айналымының уақытын қысқарту туралы айтты. Мәселен, тиеуге 6 тәулікке дейін, түсіруге 4 тәулікке дейін жұмсалады.

Астық тиеу демалыс күндері, элеваторлар қос тариф бойынша жұмыс істегенде немесе жұмыс істемей тұрғанда төмендейді. Сонымен қатар, элеваторлардың облыстық және аудандық орталықтан қашықтығына байланысты рұқсат беру және кедендік ілеспе құжаттарды ресімдеу 4 тәулікке дейін кешіктіріледі.

Вагондардың нормативтік айналымын орындау және олардың тапшылығын болдырмау үшін ҚТЖ ірі жүк жөнелтушілермен бірлесіп астық жүктерін маршруттауды ұйымдастырады, бұл вагондарды жүру жолында қайта өңдеуді болдырмайды және тәулігіне 800 шақырымға дейінгі маршруттық жылдамдықты қамтамасыз етеді.

Кеңес барысында ҚТЖ астық пен ұн тасымалдау үшін бос вагондарды бөлу бойынша елдің жетекші астық өндіруші өңірлерінде жұмыс топтарын құруды ұсынды. Олардың құрамына Ауыл шаруашылығы министрлігінің, “Атамекен” ҰКП өкілдері, вагондардың жеке операторлары мен жүк жөнелтушілер кіреді. Бұл ретте, “ҚТЖ-Жүк тасымалы” ЖШС орталық аппаратының жедел астық штабы тәулік сайын сағаттарды салыстыратын болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Отбасы банк 20 жылдық мерейтойын атап өтті

29.05.2023

Самұрық-Қазына “Қазақстан халқына” қорына қаржы аударса еншілес ұйымдарының табысы есептелмейді

25.05.2023

Теміртауда құны 12 млн теңгеге жуық мұнай өнімін ұрлағандар ұсталды

24.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа