“Билайнға” иелік ететін “Вымпелком” компаниясы Қазақстанда бизнесін 611,2 миллион долларға сатты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Компания үлесін нидерландық Veon телекоммуникация холдингі сатып алды.
Сарапшылар айтуынша, бұл ресейлік ұялы байланыс операторын шетелдік активтерден арылту үшін жасалған. Бұған дейін нидерландық холдинг “Билайнның” Қырғызстан мен Өзбекстандағы активтерін де сатып алған