No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындары бизнес үшін жеңілдікпен шағын несие ала алады

2023 жылдан бастап Қазақстанның ауылдық елді мекендері мен шағын қалаларының тұрғындары бизнесті кеңейтуге, мал, ауыл шаруашылығы техникасын немесе жабдықтарын сатып алуға жеңілдікпен шағын несие ала алады.

17.01.2023
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны кеңейтудің арқасында мүмкін болады. 2019 жылы ол Жамбыл облысында пилоттық режимде сәтті іске асырылды.

Бүгін Ақтөбе облысының тұрғындарына жобаның шарттары мен ережелері туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов өңірге жұмыс сапары кезінде айтып берді.

Осы жоба бойынша шағын несие беру мерзімі – 5 жыл, бұл ретте мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл көзделген. Максималды сома – 2,5 мыңнан 8 мыңға дейін (зәкірлік кооперация) АЕК, номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды.

Қаражатты ісін жаңа бастаған және бұрыннан жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер; зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын жұмыскерлер; ЖК ретінде тіркелмеген тауарларды өндіру немесе сату, жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуді дербес жүзеге асыратын тұлғалар (оның ішінде әрекетсіз ЖК); отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; жеке қосалқы шаруашылықта күнкөріс деңгейінен төмен табыс алып, сату немесе айырбастау үшін өнім өндіретін тұлғалар ала алады.

Жобаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 52,4 млрд теңге (11 мыңнан астам шағын несие) көзделген. Бұл ретте әкімдіктер қазіргі уақытта қосымша қанша қаражат қажет екенін анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізіп жатыр.

Байланысты Материалдар

Еліміздің 6 өңірінде ақшалай кіріс халықтың шығынын жаппай жатыр

02.06.2023

Халықаралық ұйымдар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылына оң баға берді

02.06.2023

Каспий теңізі қара түске боялды

02.06.2023

4 млн теңге: тұңғыш рет дарынды жастарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталмақ

02.06.2023

Қай зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-дағы қаражатын ала алады?

02.06.2023

“Сол себепті халық қаладан көшіп жатыр”: екібастұздықтар суықта далада қала ма деп қорқады

02.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Прокурорлар кәсіпкерлермен кездесті

13.03.2023

25 қарашадағы доллар бағамы

25.11.2022

Жеке кәсіпкерлік дегеніміз не?

09.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Еліміздің 6 өңірінде ақшалай кіріс халықтың шығынын жаппай жатыр
  • Халықаралық ұйымдар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылына оң баға берді
  • Каспий теңізі қара түске боялды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа