No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауылшаруашылығындағы кейбір талап қисынға келмейді

«Атамекен» ҚР ҰКП сарапшылары «таза парақтан реттеу» реформасын  іске асыру аясында ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, кәсіпкерлерге қатысты қисынсыз және қайталанатын нормаларды анықтады. Ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген жұмыс нәтижесінде қайта қарауға немесе жоюға жататын 763 талап анықталып, 192 нормативтік құқықтық актіге талдау жасалды. Бұл туралы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

31.08.2022
Жаңалықтар
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Бұл туралы «Атамекен» ҰКП алаңында тікелей эфир кезінде айтылды. Сарапшылардың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір талаптар қисынға келмейді және бизнестің дамуына кедергі келтіреді.

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңда субъектілер үшін субъектілер персоналын алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексеру және гигиеналық оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі талап көзделген. Қолданыстағы белгіленген ережелер кәсіпкерлерді жыл сайын қызметкерлерді ақылы негізде гигиеналық оқудан өтуге міндеттейді. Мұның бәрі кәчіпкелерге қосымша қаржылық жүктеме. Кәсіпкер ең алдымен өзі қызығушылық танытып, аккредиттелген оқу орталықтарының көмегінсіз қызметкерлер үшін оқуды өзі ұйымдастыра алады», – деді «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Еркен Наурызбеков.

Осыған байланысты қызметкерлерді міндетті түрде оқытуды алып тастау ұсынылды. Оқыту мәселесін кәсіпкердің өзі шешуі керек. Кәсіпкер өзі оқытуды ұйымдастырады немесе оқытумен айналысатын мердігерді тартады.

Тікелей эфир барысында өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу регламенттерінің болмауына қатысты туындайтын мәселелер талқыланды.

«Бүгін инспекторлардың жүк иелерін хабардар ету мерзімдері (1 жұмыс күніне дейін), осы мерзімдерді бұзғаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігі белгіленді. Бірақ мемлекеттік инспектор хабарламадан кейін тауарды жеткізу орнына қанша уақыт ішінде келеді, барлық тиісті рәсімдерді қалай жүргізетіні туралы регламент белгіленбеген. Заңнама аясында жүк иелеріне мемлекеттік инспекторлар келгенге дейін көлік құралдарын ашуға тыйым салынады», – деді Еркен Наурызбеков.

Спикердің айтуынша, бұл жайт жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады, ал қайта тексеруге уақтылы бармау, кәсіпкерлер үшін автокөлік пен вагондардың тоқтап қалуы қосымша қаржылық шығындарға әкеледі.

Осыған байланысты, жұмыс тобы өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерге мемлекеттік инспекция қызметкерлерінің әрекет ету мерзімдерін регламенттеу бөлігінде түзетулер енгізуді ұсынды.

«Атамекен» тарапынан «таза парақтан» реформаны іске асыру шеңберінде қолданыстағы реттеуді түбегейлі қайта қарау бойынша толық ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Еске салсақ, 2023 жылдың қаңтарынан бастап, егер талап тізілімге енгізілмеген болса, онда ол бойынша мемлекеттік орган бизнесті тексеріп, жазалай алмайды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

2023 жылдың қаңтарынан бастап жеңілдетілген автонесие беріле бастайды

23.12.2022

Павлодарда алты жасар бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап кетті

23.05.2023

Шетелге қанша қаражат заңсыз шығарылды: министрлік жауап берді

26.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа