No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Зейнетақы шоттарында ақша азайып жатқаны рас па?

Қазақстандықтар зейнетақы шоттарында ақшаның азайғанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды kazbusiness.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

14.03.2023
Жаңалықтар
45
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы тұрғыны Ксения Синицына наурыз айының басында өзінің зейнетақы жинақтарын тексерген. Сол кезде оның шотында 5 миллион 325 мың теңге болды. Ол бір аптадан кейін өз жинағын қайта тексергенде зейнетақы жинақтарының біршама азайғанын анықтайды. Шотта 5 миллион 237 мың теңге қалған.

«Салымшылардың көпшілігі наурыз айының басында зейнетақы шоттарындағы қаржының азайғанын анықтады. Кей адамдардың шоты 100 мың теңгеге кеміген. Менің жағдайымда — зейнетақы жинағым 88 мыңға азайды. Зейнетақы үшін алынған түсімдерден біздің шотымыз өспей, қайта кеміп жатыр. Call-орталықта хабарлассақ, бұл өзгерістер валюта бағамдарындағы айырмашылыққа байланысты деп жауап береді. Теңге нығайып жатқанда неліктен зейнетақы жинақтары азайып жатыр?» — деп сұрайды ол.

Ал Ербол есімді Қызылорда тұрғыны зейнетақы жинақтарындағы қаражаттың азаюы ай сайын орын алатынын айтады.

«Менің жалақым 500 мың теңгені құрайды, оның 50 мыңы зейнетақы аударымдарына ұсталады. Барлығы ай сайын БЖЗҚ-ға (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) шамамен 70-100 мың теңге түседі. Бірақ белгісіз себептермен бұл ақша жиналмай, керісінше азаяды.

Менің жинақтарым ай сайын азайып келеді. Соңғы рет есептегенімде зейнетақы шотымдағы қаражат 84 мың теңгеге кеміген. Осыдан бес күн бұрын менде 5 миллион 70 мың теңге болды, ал қазір 4 миллион 986 мың теңге қалды. Бұған кім жауапты? Айдың-күннің аманында бұл адамды тонау емес па? Одан да бұл ақша қайырымдылыққа кетсе, өкінбес едім.

Егер мен бұл ақшаны депозитке салсам, онда менде ай сайын кем дегенде 80-100 мың теңге пайда табар едім. Ал БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы банктерге қарағанда екі есе аз. Мысалы, қазір депозиттер бойынша мөлшерлеме — 16,5%, ал БЖЗҚ-да — 7%«, — деп атап өтті азамат.

БЖЗҚ қазақстандықтардың зейнетақы шоттарындағы қаражаттың азаюының себебі теңгенің долларға қатысты нығаюынан екенін түсіндірді. БЖЗҚ қаражатының шамамен 30%-ы шетел валютасына инвестиция болып салынады, сондықтан айырбастаудан кейінгі оң кірісті ескерсек те, ақшаның жалпы сомасы азайып кеткен.

«Доллар бағамы зейнетақы жинақтарына әсер етеді, сондықтан барлық жинақтарды бір валютаға инвестициялауға болмайды. Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар бойынша сыйақыдан, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі кірістерден, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т.б. тұрады. Бұл құралдардың нарықтық құнының өзгеруі, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы инвестициялық кіріс мөлшеріне әсер етеді.

Теңгенің долларға қатысты ұзақ мерзімді нығаюының нәтижесінде теріс бағамдық айырма пайда болды. Ағымдағы жылдың басынан бастап теңгеге қатысты доллар бағамының төмендеуі байқалады, ол 1 қаңтарға — 462 теңгені, ал 6 наурызға — 431 теңгені құрады. Осылайша, инвестициялық кірістің қысқа мерзімді өзгерістері негізінен валюталық үлесті қайта бағалау салдарынан теріс бағамдық айырмашылықтың пайда болуына байланысты. Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінде валюталық үлес шамамен 30 пайызды құрайды. Қысқа мерзімді өзгерістер қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне де байланысты«, — деп түсіндірді қор өкілдері.

Сонымен қатар БЖЗҚ баспасөз қызметі жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап инвестициялық кіріс қазіргі уақытта 740%-ды құрағаны атап өтілді, ал осы кезеңдегі инфляция 695%-ды көрсетті.

«Жинақталған инвестициялық табыс ұзақ мерзімді кезеңде инфляциядан едәуір асып түседі. Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алу жүйесі адамдарға ашық: әркім өз инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінен көре алады немесе мобильді қосымшаға жүгіне алады. Айта кетейік, зейнетақы активтерін қайта бағалау апта сайын және әр айдың соңғы күнінде жүргізіледі.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында «көрсеткіштер / инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады (www.enpf.kz), — деп нақтылады БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматыда кәсіпкерлер атын жамылып, ақша бопсалағандар ұсталды

04.08.2022

Табыс әкелген «Eva төсеніштері»

31.01.2023

Елге $14,5 млрд тікелей инвестиция тартылды

22.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа