No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Байлыққа жету формуласы бар ма?

04.12.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Шыныңызды айтыңыз!

Әмияныңызда қанша ақша бар? Толық сомасы? Әмияныңызға қол салған сайын қандай сезім кешесіз? Ақшасы көптерге қызыға, қызғана қарайсыз ба? Бай болғыңыз келе ме? Осы сұрақтар жаныңызға батса, мына материалды екі-үш рет қайталап оқыңыз. Себебі байлыққа бастар жолыңыздағы алғашқы баспалдақ осы болуы ғажап емес.

Ақшадан қорықпаңыз! 

Ақша десе, біреу қарны қампиған дөкейді, Америкадан келген бизнесменді не Азаттық мүсінін елестетеді. Соған қарап ақшамен дос па, қас па, пайымдай беруге болады. Есі түзу кез келген адам ақшамен әдейіге қастаспасы анық. Тіл табысқысы-ақ келеді. Тіпті ажырамас досқа айналуды армандайды. Алайда қолыма ақша түссе, адамгершіліктен айнимын не болмаса қулық-сұмдыққа баруға мәжбүр боламын деп өзін-өзі тежейді.

CТОП! Ақша деген есеп айырысу құралы. Ақшаның құлы не ақшаның қас жауы болудың қажеті жоқ. Бұл жай ғана сіз бен біз ойлап тапқан құрал. Кедейлер мен орта тап өкілдері ақша үшін тер төксе, байлар ақша жасайды.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді 

Бүгінгі таңда жетістікке жету, өз жолыңды табу, уақытты басқару туралы тренинг-семинарлар ұйымдастыратын мотиваторлар көп. Десе де жеке қаржыны басқару тақырыбын түсіндіретін мамандар аз. Қаржы саласында 30 жылға жуық табысты жұмыс атқарып келе жатқан Сайлау Абайділданов сол аздың бірі. «Қаржы бұлақтары» түсінігін ел арасына насихаттап жүрген ол «Bai-Quat» инвестициялық компаниясының бас қаржы кеңесшісі.

Сайлау Абайділданов қаржы мәселесін қарапайым қазаққа қазақы пәлсапада жеткізуге тырысады: «Қаржы туралы шетелдік мотиватор, лекторлардың семинар-курстарына көп бардым. Олар маған баюдың 4 ресурсы барын айтты. Біріншісі – денсаулық. Ел ду қол шапалақтап, таңданыстарын жасырмады. Мен болсам іштей «бірінші байлық – денсаулық» екендігін әр қазақтың баласы жатқа білетінін ойладым. Сөйтсем 3000 долларға сатып алған ақылым өзіміздің қарапайым мақал екен. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген сөз бар. Сол төртеу байлыққа жету формуласындағы 4 ресурс: денсаулық, уақыт, қаржылық білім мен тәжірибе.

Денсаулық. Дені саудың жаны сау. Жанның саулығы – ойдың таза болуы, өмір сүруге, алға жылжуға деген құштарлық.

Бай болғыңыз келсе, денсаулығыңызға айрықша көңіл бөліңіз. Таңертең төсектен тұрғанда қалайша тез байимын деп емес, бүгін өзіме қалай қараймын деп ойланыңыз. Темекі шекпеңіз, араққа жоламаңыз, физикалық жаттығулар жасаңыз, таңертең жүгіріңіз, дұрыс және уақытылы тамақтаныңыз.

Уақыт. Байлық бір күнде басқа топ ете қалатын дүние емес. Ойлағаныңыз іске асып, өз жемісін беруі үшін уақыт қажет. Ол үшін күн сайын болашаққа нық қадамдар жасалуы тиіс. Бүгінгі күннің қадірін біліңіз! Бай боламын деген адам ширақ қимылдап, тірлікті бүгін жасайды. Ертең оны жалғастырады. Ақырын-ақырын алға жылжиды. Күндердің бір күні оның жұлдызды сәті туады. Мұны тайм-менеджмент десек те әбестік болмас.
Дәл қазір уақытыңызды жоспарлаңыз! Таңмен таласып тұрыңыз! Кеш батқанша тау қопаруға болады.

Қаржылық білім. Ми компьютер делік. «Бай боламын» деген ой туындағанда оған автоматты түрде сигнал кетеді. Ми сіздің ойыңызды іске асыру үшін керек ақпаратты іздестіре бастайды. «Қаржылық білім» деген папканы тауып, ішін ашса, бос. Нәтижесінде папка жабылады, сіз де байлықтан бас тартасыз. Ал, папканы толтыру үшін не істеу керек? Қаржылық білім жинақтау қажет. Ақша, табыс және бизнеске байланысты жан-жақты ақпарат іздеңіз, тренинг-семинарларға барыңыз,  кітап оқыңыз.

Тәжірибе. Қаржылық білімді тәжірибемен ұштастырмаса, нәтиже шықпайды. Депозитке ақша салу, бизнес ашу, құнды қағаз сатып алу, инвестиция жасау – тәжірибе мысалдары. Тәуекел деп тәжірибе жинақтамасаңыз, сізде ешқашан капитал болмайды.

Егер сіз дәл қазір бай болмасаңыз, төрт ресурстың бірі жетіспейді деген сөз».

Байқағанымыздай, байлыққа жету формуласы соншалықты қиын емес. Бастысы, «төртеуіңізді» түгендеп алсаңыз болғаны. Іске сәт!

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Starbucks кофехананың брендке айналу жолы қандай?

18.11.2022

Алматыдағы «Рахат» фабрикасы көшіріледі: қайда, қашан?

13.09.2022

Қостанайдағы өрттен 4 дәмхана зардап шеккен

05.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа