No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бала күтімі жөніндегі жәрдемақылар отбасының табысына қарамастан беріледі

Елімізде мемлекеттік жәрдемақы төлеу ережесі әзірленді - Kazbusiness.kz

14.03.2023
Жаңалықтар
10
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу ережелерін әзірледі.

«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатқа сай, енді балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға мыналар енеді: бала тууға байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған 4 және одан көп балалары, оның ішінде 18 жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы.

Жаңа редакцияда былай деп жазылған: Бала күтімі бойынша жәрдемақы баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген, бала туған күннен бастап ол бір жарым жасқа толған күнді қоса алғанда, ал асырап алған, сондай-ақ қамқоршылыққа алған балалары бар адамдарға — соттың баланы асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап ол 1,5 жасқа толғанға дейін тағайындалады. Бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындаған кезде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа алынған балалар, егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі. Бұл ретте, отбасы құрамында өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балалар ескерілмейді. Егер 1,5 жасқа толмаған бала қайтыс болса, онда күтім жөніндегі жәрдемақы нәресте көз жұмған айды толық есептей отырып тағайындалады. Қандастарға бала күтімі бойынша жәрдемақы бала туған күннен бастап, бірақ қандас мәртебесі белгіленген күннен кейін рәсімделеді. Сонымен бірге, бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақылар отбасының табысына қарамастан беріледі.

Байланысты Материалдар

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Алматы облысында газға қосылу бағасы 350 мыңнан аспайтын болады

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қытай корпорациясы қазақстандық кәсіпкерлермен уағдаласуға ниетті

11.08.2022

Бизнес-жоспар құра аласыз ба?

02.10.2022

7 ай ішінде бюджетке қанша салық түсті?

29.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды
  • 10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа