No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Балалардың ерекше шығармашылық жұмыстары бірден анықталды – Ұлттық тестілеу орталығының директоры

22.06.2023
Жаңалықтар
11
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ тапсырушыларға үндеу тастады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

“Статистика бойынша жыл сайын ҰБТ-дағы ереже бұзушылардың саны азайып келе жатыр. Мәселен, 2019 жылы тестілеуге кіргізу барысында 128 мың, 2020 жылы – 2 522, 2021 жылы – 756, 2022 жылы 327 тыйым салынған зат анықталды. Яғни көрсеткіш 400 есе азайған. Бұл талапкерлердің бүгінде өз білімдеріне сеніп, академиялық адалдық ережелерімен жақсы таныс екенін көрсетеді”, –  деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сонымен қатар ол “шпаргалка” пайдаланушылар саны азайғанымен, мүлдем жойылып кетпегенін айтады.

“Биылғы ҰБТ-ның 5 аптасы бойынша анықталған ең креативті “тәсілдерді” осы жазбада ұсынып отырмын. Талапкерлердің, өкінішіне қарай, біздің қырағы бақылаушыларды алдауы мүмкін болмады. Балалардың ерекше шығармашылық жұмыстары бірден анықталды. Тестілеу ережелерін бұзу туралы бізге келіп түскен әрбір өтініш қарастырылады. Естеріңізде болса, былтыр постмониторинг қорытындысы бойынша 200-ден астам адамның тест нәтижесін жойдық. Оның ішінде 137-і грант иегері болған. Биыл да бұл жұмыс өз жалғасын табады.

Биылғы ҰБТ-ның аяқталуына 2 апта қалды. Талапкерлерді академиялық адалдық принциптерін сақтауға шақырамын. Жетістікке жетудің басты шарты білімді болу екенін ұмытпаңыздар”, – деді Руслан Емелбаев.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанның интернеті табанына тас байлап алған – ДЕПУТАТ

25.05.2023

Антикор бизнеске қысым көрсетті деген күдікпен 65 адамды жауапқа тартты

28.11.2022

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа