Соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға шешім қабылдаған борыш мыналарды білгені дұрыс:
– 5 жыл бойы қарыз және микрокредит алуға тыйым салынады (ломбардтардың микрокредиттерін алуды қоспағанда);
– қайта банкроттық болу 7 жыл өткен соң ғана мүмкін болады;
– банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайына банкроттықтан кейін 3 жыл бойы мониторинг жүргізілетін болады.
Назар аударыңыз! Алименттер бойынша, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық бойынша шығынды өтеу бойынша борыштар есептен шығаруға жатпайды.
Банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі туралы толық консультацияны қайдан алуға болады?
Жеке тұлғаның банкроттығы тәртібі туралы анағұрлым толық ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурстарында жарияланады.
Қосымша ақпарат алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ байланыс орталығына 1414 нөміріне (қосымша нөмір 3) не https://t.me/SalyqBot тelegram-чатына хабарласуға болады.