No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Банкроттыққа 34 мың азамат өтініш жолдаған

01.04.2023
Жаңалықтар
51
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

3 наурыз күні азаматтардың банкроттыққа арыздарын қабылдау басталған. Жалпы наурыз айының қорытындысы бойынша (2023 жылдың 31 наурызындағы жағдай) 34 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндады, деп kazbusiness.kz.

Жеке адамдардан банкроттыққа өтініштер негізінен eGov.kz электрондық Үкімет порталы арқылы (94%) және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы (6%) түскен.

Айта кеткен жөн, азамат тарапынан өтініш жіберілген соң, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңның талаптарына сәйкес 15 жұмыс күн ішінде мемлекеттік кірістер органдары ол арызды тексереді. Өтініш беруші тұлға келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:

  1. банктер, микроқаржылық ұйымдар (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыз 5,5 млн.теңгеден аспауы (1600 АЕК);
  2. қарыздың өтелмеуі 12 айдан асуы;
  3. ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (автокөлік, пәтер, үй, жер телімі, банктегі депозит және т.б.);
  4. банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борыштар бойынша реттеу рәсімінің жүргізілуі.

Атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай қатарынан алушылар үшін және берешегі 5 жылдан артық өтелмеген азаматтар үшін бөлек тексеріс жүргізіледі.

Аталған негіздерге сәйкес келуін тіркейтін мемлекеттік органдар, банктер мен кредиттік бюроның электрондық базаларымен есеп айырысу арқылы «Qoldau» Жеке тұлғалардың банкроттығы Ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жүргізіледі.

Бүгінгі күні 10382 арыздың тексерілуі аяқталған(бұл барлық келіп түскен арыздардың 30%). Нәтижесінде, 2 670 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі басталды, бұл барлық жүгінгендердің 26%-ы. Оның ішінде 375 тұлға атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, 985 азамат қарызын 5 жылдан артық уақыт өтемеген.

Аталған борышкерлер бойынша мәліметтер «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған.

7340 азаматтың соттан тыс банкроттық туралы өтініші қабылданбаған. Оларға туралы хабарлама 1414 сервисі арқылы телефондарына жіберілген.

Оның негізгі себептері:

  1. Кредиттік бюроның мәліметі бойынша 6713 тұлғада 12 ай ішінде берешекті ішінара өтеуі бар немесе берешек сомасы 1600 АЕК-тен асады;
  2. Еңбек және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету министрлігі 1846 тұлға бойынша 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмекті алушы екендігін растаған жоқ;
  3. 1463 тұлға жұбайының болу фактісін көрсетпеді, сәйкесінше олардан рәсімді қолдануға келісім алған жоқ;
  4. Әділет министрлігінің мәліметі бойынша 1349 тұлғада меншік құқықығында жылжымайтын мүлік бар;
  5. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес 941 азаматта жер учаскілері бар;
  6. 789 азаматтарға автокөлік тіркелген (Ішкі істер министрлігі мәліметі).

Өтініші қабылданбаған азаматтар арызды қайтадан 3 айдан кейін бере алады.

«Назарларыңызға сала кетейін, соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылып, осы тізілімде тұрған азаматтар рәсім барысында да, банкрот деп танылған күннен бастап бес жыл ішінде де банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кредит ала алмайды», – деп ескертті Е. Біржанов.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Егер сізге тексеріс келсе не істеу керек?

29.12.2022

Жамбыл облысының кәсіпкерлері жәрмеңкеге 500 тонна өнім әкеледі

02.09.2022

Министр Сүлейменова орманшылардың рациямен айтқан соңғы сөзін айтты

12.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа