No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бақыт үшін қанша ақша қажет?

10.01.2023
Жаңалықтар, Керек-дерек
42
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Американдық Invesp аналитикалық компанияның зерттеулері бойынша барлық сатып алушылардың 84 пайызы сатып алуларды аяқ асты, ойланбай жасайтын көрінеді. Адамдар аяқ асты сатып алуларды тек бір мақсатпен, яғни ертеңгі күні не боларын ойламай, дәл осы сәтте қуаныш сезіміне бөлену үшін жасайды. Алайда, мұндай сатып алулар – саналы тұтынудың басты жауы.

Заманауи әлемнің адамға күннен күнге төтеп беру қиынға соғатын, «мен мұндалап», еліктіретін дүниелері арта түсуде, әрине, оған бой алдырып, өзін «керемет шопингпен» қуанышқа бөлеу көп адамның арманы. Теледидар экранынан, интернеттен бір сәт толастамайтын жарнама бізге шын бақыттың көзі – неғұрлым көп сауда жасау деп сендіруге тырысады.

Белгілі дизайнерлер де қалыс қалмай, күнде бір жаңа тенденциялар ойлап табады: бір күні көйлекті қысқартса, ертеңгі күні ұзартып жатады, оның пішінін, түсін өзгертеді. Гаджет өндірушілер жыл сайын олардың неғұрлым жетілдірілген, жаңғыртылған жаңа үлгілерімен таныстырып жатады. Осының барлығы бір мақсатты діттейді: бізді тек сатып алу, сатып алу және де сатып алуға мәжбүрлеу. Нәтижесінде, шығыстар деңгейі кірістер деңгейінен аса бастайды, адамдар ертеңгі күні ақшаны қайтаруды, оның үстіне үстеме пайыздармен қайтаруды ойламай, кредит алуға жүгіреді.

Мойныңызға «қарыз қомытын» ілгіңіз келмесе, өз шығындарыңызға ойланып барып, саналы түрде қарау қажет.

Алдымен өзіңізге мынадай сұрақтар қойыңыз және оған шын жауап беріңіз:

– Сіз өзіңіздің қаржылық жай-күйіңізге қаншалықты разысыз?

– Сіз нені өзгерте аласыз?

– Егер де Сізде ақша көп болса, Сіз бақыттырақ боламын деп ойлайсыз ба? Ия болса, онда не өзгереді?

Өзіңіздің қаржылық жай-күйіңізді жақсарту үшін Сізге меншікті қаржылық қағидалар бен қағидаттарды меңгеруді ұсынамыз. Олар Сізге ойланбай жасалған шығындардан аулақ болуға және саналы қаржылық шешімдер қабылдауға көмектеседі.

 

Жеті пайдалы қаржылық әдеттер
Сіздің қаржылық әдеттеріңіз сіздің қажеттіліктеріңізден бастау алуы тиіс, ал саналы түрде тұтыну қағидалары әдеттегі өмір сүру салтыңызға енуі керек.

Жоспарланбаған шығындарға «жоқ» деуді үйреніңіз. Мысалы, дүкенге барар алдында тізім жазып алыңыз, сіз үшін маңызды сауда туралы ойлануға өзіңізге 1-ден бастап бірнеше күнге дейін уақыт беріңіз. Түнгі ойлар таңертеңгісін пысықталады, ертең сіз бұл тауар немесе қызметті сатып алуға ойыңызды өзгертуіңіз әбден ықтимал.

Күнделікті жеке бюджетіңізді жүргізіңіз. Өз кірістеріңіз бен шығындарыңызды есепке алу сізге үнемдеуге және жинақтауға көмектеседі. «Шығындар» бағанына қажет емес шығындарды қысқартуға тырысып, ерекше назар аударыңыз. Маркетологтардың айлаларына түсіп қалмаңыз, олар тұтыну ғұрпы жұмыс істеп тұруы үшін қызмет етеді. Ал сіз өміріңіздің сапасын жақсарта түсу үшін және табыстарыңызды өсіру үшін өзіңіз үшін және өз пайдаңыз үшін жұмыс істеп жатырсыз. Үнемдей білген жақсы, бірақ өзіңіз бен денсаулығыңызға үнемдемеңіз. Теңгерімді сақтай біліңіз және өзіңізді тежеп те үйреніңіз.

Қаражатты жинақтау мақсатын қалыптастырыңыз. Сізге жинақ не үшін қажетін неғұрлым анық білсеңіз, соғұрлым қажетті соманы да жинау оңай болады. Мысалы: демалыс, балаларды оқыту, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алу және т.б.

Пассивті табыс көзін жасаңыз. Мол табысқа кенелу үшін еңбекақыны арттыру немесе қызмет бабы бойынша өсуден басқа да тәсілдер бар. Мысалы, сіз шетел тілін жақсы меңгерген болсаңыз, қосымша репетитор болуға немесе аударма ісімен айналысуға болады.

Қарыздардан құтылыңыз. Олар адамдардың барлығында дерлік бар – бұл кредиттік немесе салықтық берешектер, алименттер, пәтер ақысы бойынша борыштар және т.б. Егер сізде берешек болса, онда сізге оны өз уақытында өтеу қажет. Асқан қажеттіліксіз кредиттерге, әсіресе қажеттілігі «нөлдік» дәрежемен өлшенетін бір сәттік тауарлар мен қызметтерге тіптен жоламаған дұрыс. Кредиттерге салмақты қарау – саналы тұтынудың маңызды қағидаларының бірі.

Қауіпсіздік жастықшасын жасаңыз. Американдық жазушы Наполеон Хилл «Думай и богатей» кітабында айтқандай, ең алдымен ақшаны болашаққа кейінге қалдыру керек, яғни өзіне төлеу керек. Ақшаны өзіңіздің «сақтандыру» қорыңызға жинаңыз. Бұл сізге күтпеген жағдайлар немесе негізгі кірісті жоғалту жағдайында көмектеседі.

Болашаққа инвестициялаңыз. Бастапқыда аз соманы да инвестициялай аласыз. Қанша? Бастапқыда қол үзуге дайын және сіздің бюджетіңізге зиян тигізбейтін сома. Инвестициялаудың негізгі заңы: кіріс тәуекелге сәйкес келеді, кіріс өседі – тәуекел артады. Бұл жерде біз қаржы құралдарына инвестициялар туралы айтып отырмыз. Бірақ өзіңіздің жеке өсуіңізге, білім алуға инвестициялар туралы ұмытпаңыз. Қаржылық сауаттылық туралы кітаптар мен материалдарды көбірек оқыңыз.

Өзіңізден бақытты болу үшін қанша ақша табу керек екендігін сұраңыз? Әрине, бұл сұрақ жауапты қажет етпейді, іс жүзінде әрқайсымызға негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әрдайым үлкен қаражат қажет емес. Ғалымдар табыс деңгейінің белгілі бір нүктесіне жеткеннен кейін ақша көлемінің ұлғаюы қанағаттануды тоқтататынын дәлелдеді. Әрине, көп нәрсе адамның жеке амбицияларына байланысты, бірақ мұндай заңдылық барлық адамдар үшін бар.

Көптеген табысты адамдар, материалдық мүмкіндіктеріне қарамастан, өз өмірінде саналы тұтыну қағидаттарын қолданады. Бір кездері бұл тренд болды, сәнге айналды және біртіндеп қарапайым өмір салтына айналды. Ең бай адамдардың бірі Уоррен Баффет 1957 жылы сатып алынған қарапайым үйде тұрады, Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос 1996 жылғы Honda Accord автомобилімен жүреді, ал Duty Free-дің негізін қалаушы Чарльз Фини эконом-класта ұшады. Мұндай мысалдар өте көп.

Сондай-ақ, Сіз қаржы саласында ғана емес, басқа да қызмет салаларында саналы тұтынудың жақтаушысы бола отырып, өзіңіздің жақындарыңыз бен достарыңыз үшін үлгі бола аласыз.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Жетісу облысында үш әкімге 1 млн теңге айыппұл салынды

27.07.2023

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша мобильді топ жұмыс жасайды

30.08.2022
фото: ашық дереккөз

Бұрынғы экология вице-министрі мен “ӨКМ Операторы” басшылары сотталды

04.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа