Батыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының өкілдері тергеуге алынды, деп хабарлайды kazbusiness.kz. қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сәйкес, компания өкілдері өзін инвестициялық ұйым ретінде жарнамалап, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде берген. Кейінненжеке тұлғалардан ақша жинаған. Бірақ оны кәсіпкерлік қызметке салмай, қатысушылар арасында бөліп отырған.
«Келтірілген шығын көлемі бүгінде 769 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», – деп атап өтті агенттік.