No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді электр самокаты үшін жүргізуші куәлігі талап етіледі

10.05.2023
Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов электр самокатпен жолда жүру тәртібіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, жол қозғалысындағы жаяу жүргіншілер мен мопед пен самокат жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін нормативтік актілер қабылданып жатыр.

“Қазақстанның инфрақұрылымы велосипед жолағына 500 шақырым ғана беруге арналған. Сондықтан да самокаттарды жолдың оң жолағымен 18-ге толған, жүргізуші куәлігі бар, қорғау шлемі бар жүргізушілер айдай алады. Қалған жерлерде, мысалы, тротуарда жүретін болса, басымдық жаяу жолаушыларға беріледі. Биыл 1 қаңтардан бастап самокат жүргізушілерінің қатысуымен 44 оқиға тіркелді. Былтыр 1 адам қайтыс болды. Осындай статистика бар”, – деді Ішкі істер министрі.

Министр заң жобасын депутаттар ұсынып отырғанын айтты.

Бұдан кейін депутат Екатерина Смышляева заң жобасын таныстырды. Айтуынша, заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген. Алайда электр самокаттарға қатысты техникалық регламент тек 2022 жылдың шілдесінде қабылданды.

“Бүгін біз электр самокаттардың жүрісін реттеу бойынша алғашқы түзетулер топтамасын ұсынып отырмыз.

Жобаға сәйкес:

– электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады;

– жүру жылдамдығы сағатына 25 километрге дейінгі көлік құралдары электр самокаттарға жатады.

Электр самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады.

Тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.

Бұл тәсіл көліктің жаңа түрін иеленушілер мен жаяу жүргіншілер үшін ең қолайлы шешім.

Тротуардағы жылдамдықты шектеу – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шектеулерді басқару қиын. Бірақ мұндай жылдамдық шамамен жаяу жүргіншілер легінің жылдамдығына тең. Және ол сырттай көзбен шолып анықталады.

Электр самокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда, бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Сондай-ақ үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет”, – делінген министр баяндамасында.

Жолдың жүру бөлігіне шығатын жүргізушілерге қойылатын талаптар – авариялық жағдайлардың алдын алу мақсатында енгізілді. Өйткені жол жүрісі қағидаларын білмеу – көлік құралының конструкциясын ескерсек, қиын жағдайға алып келуі мүмкін.

“Электр самокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Электр самокат жүргізушілер жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек. Жалпы, көліктің осы түрін дамытудағы проблемалардың бірі – арнайы бөлінген жолдар мен жолақтар түріндегі қалалық инфрақұрылымның болмауы. Жекеменшік электр самокаттардың көбеюін, Қазақстан нарығында кикшеринг сервисінің пайда болуын ескерсек, осындай көлікке бейімделмеген, бұрыннан бар инфрақұрылымға түсетін жүктеме жақын арада артады.

Сондықтан, біз қала кеңістігін жоспарлауға, шерингтік компаниялардың жауапкершілігіне, көліктің жаңа түрін тіркеуге жергілікті атқарушы органдардың қатысуын қамтамасыз ету үшін реттеуші құралдардың екінші топтамасын әзірлеуге кірістік”, – дейді депутат.

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Астық арзан, нан өнімі неге қымбат?

11.05.2023

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қуандық Чункуновпен кездесті

18.08.2022

Талдықорғанда 26 әйел «тігінші» мамандығы бойынша сертификат алды

10.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа