No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бір жыл ішінде қант 87 пайызға қымбаттады

19.08.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанда бір жыл ішінде қант шамамен 87 пайызға қымбаттады. Ал өндіріс 9%-ке өскен, деп хабарлады Energyprom.kz. порталы.

Биыл шілде айында елімізде қанттың бір келісі орта есеппен 537 теңгені құрады Бұл өткен жылмен салыстырғанда 86,6%-ке көп.

Қымбатшылық Жамбыл облысында қатты сезілді: бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 2,2 есе артық. Антилидер үштігіне Алматы мен Қарағанды облысы кірді.

Бағаның ең төмен өсімі елордада тіркелген: плюс 58,3%.

Ірі қалалар арасында ең қымбат қант Алматыда (бір келісі 581 теңге), Қонаевта (555 теңге) және Атырауда (554 теңге) сатылды. Ең төмен баға Ақтөбеде (449 теңге) тіркелді.

Қаңтар-шілде айларында республикада 149,1 мың тонна қант өндірілді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ке көп.

Импорт үлесі тиісінше 52%-тен 42,9%-ке дейін төмендеді. Елге 63,5 мың тонна қант жеткізілді, бір жылда минус 38,9%.

2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанға 126,4 млн долларға 210,6 мың тонна құрақ және қызылша қанты, сондай-ақ қатты күйдегі химиялық таза сахароза жеткізілді. Заттай мәнде көлем 11,3%-ке қысқарса, ал ақшалай мәнде, керісінше, 15,3%-ке өскен.

Қазақстан ТМД елдерінен 65,3 мың тонна қант пен сахароза тасымалдады – бір жыл бұрынғыға қарағанда 45,7%-ке аз. Импорттың негізгі көлемі Ресейден әкелінді – 62,4 мың тонна, бір жылда 42,5%-ке азайып кеткен.

Ал ТМД құрамына кірмейтін елдерден республикаға 145,3 мың тонна қант жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,9%-ке артық. Қанттың негізгі көлемі Бразилиядан тасымалданды: 107,7 мың тонна, жылдық өсім – 24,1%.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан мен Түркия өсімдік шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытады

14.10.2022

Жамбыл облысында сегіз жыл бұрын салынған мектеп қирап жатыр

14.05.2023

Германия делегациясы іс сапармен түйе сүтінің ірі өндірушісі «Дәулет-Бекет» ЖШС барды

19.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа