No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық банк базалық ставканы 16% көтерді

ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені 14,5-тен жылдық 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты   Azatyyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

27.10.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 17%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 15% болады.

«Шешім мөлшерлеме траекториясын түзетеді, ол алдыңғы шешімдер мен коммуникациялар бойынша айқындалған бағыт пен қарқынды сақтайды. Мөлшерлеменің артуы өсіп отырған инфляциялық қысымды көрсететін факторлардың жиынтығына байланысты. Қыркүйек айының нәтижесі бойынша инфляция болжамнан айтарлықтай асып түсті», — деп түсіндірді ҚР Ұлттық банкі.

Шешім қабылдауға негізгі факторлар жоғары инфляциялық күтулер, орнықты сұраныс, фискалдық серпін, тұрақты тауар жеткізу жолдарына қайта бағыттауға байланысты өндіріс шығыстарының өсуі, сыртқы инфляцияның жалғасып отырған әсері, оның ішінде сақталып отырған Ресей рублі бағамының күшеюі болды.

«Жоғарылаған инфляциялық күтулер баға мен тұтынуға қысым жасайды. Мұның бәрі 2023 жылы инфляциялық процестердің бақылануын сақтау үшін барынша қатаң ақша-кредит талаптарын қажет етеді»,- делінген ҚР Ұлттық банк хабарламасында.

«Инфляциялық күтулердің артуы баға мен тұтынушылық мінез-құлыққа қысым жасайды. Мұның бәрі 2023 жылы инфляциялық процестерді бақылауды сақтау үшін қатаң ақша-несие шарттарын талап етеді», – делінген хабарламада.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтерудің әсері экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігіне қолдау көрсетіп, ішкі валюта нарығындағы теңгерімге ықпал ете отырып, 1-2 жылда артта қалумен көрінетінін атап өтті.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан мен Әзірбайжан: 11 млн доллар сомасындағы екі жобаға қол қойылды

25.08.2022

20 мыңға жуық маңғыстаулық қаржы пирамидасының құрбаны болған

24.02.2023

Алматы облысында 250 кәсіпкердің құқығы қорғалды

14.06.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа