No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биыл «Алматы жастары» бағдарламасымен 1100 адам баспана алады

12.05.2023
Жаңалықтар
212
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 «Алматы жастары» бағдарламасы аясында биыл 1100 жас алматылық баспаналы болады. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға 20 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаның мән-жайы туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев және «Отбасы Банкі» АҚ Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Элизада Туретаева айтып берді.

 – «Алматы жастары» бағдарламасына өтініштерді қабылдау 15 мамырда басталып, 31 мамырға дейін жалғасады. Тұрғын үй бағдарламасының әлеуетті қатысушылары almaty-zhastary.kz сайтында онлайн өтініш бере алады. Ол үшін үміткерлерге ЭЦҚ қажет, – деді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев.

Оның айтуынша, Алматы қаласының әкімдігі мен Отбасы банкінің бірлескен жобасына 35 жасқа дейінгі немесе 35-ке толған алматылықтар қатыса алады. Өтініштер Алматы қаласындағы мемлекеттік республикалық және қалалық ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтардың келесі санаттарынан қабылданады:

  • дәрігерлер мен медбикелер;
  • мұғалімдер мен тәрбиешілер;
  • әртістер, жазушылар, суретшілер, композиторлар, мәдениет саласының қызметкерлері;
  • жаттықтырушылар мен спортшылар;
  • университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
  • әлеуметтік сала қызметкерлері мен қалалық коммуналдық қызмет мамандары;
  • құқық қорғау органдарының қызметкерлері (ҚР ІІМ, ТЖД, қалалық прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу департаменті)
  • журналистер мен БАҚ қызметкерлері (мемлекеттік және коммерциялық)

Үміткерлердің ресми жұмыс өтілі Алматы қаласында соңғы жарты жылдан кем болмауы тиіс.

Сондай-ақ бағдарлама қатысушысы және оның отбасы мүшелері соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлікке ие болмауы тиіс.

– «Алматы жастары» бағдарламасы 2017 жылы басталған болатын. Қазіргі таңда қаланың жас тұрғындары арасында өте танымал. Осы уақыт аралығында біз қала басшылығымен бірлесіп 3 393 жас азаматты 52,5 млрд теңгеге баспанамен қамтамасыз еттік. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға 20 млрд теңге бөлінді, оның 17 млрд теңгесі қалалық бюджеттен, 3 млрд теңгесі Отбасы банкінен. Бұл қаражат 1100 алматылық тұрғынның баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді, – деп түсіндірді «Отбасы Банкі» АҚ Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Элизада Туретаева.

Аlmaty-zhastary.kz сайтында өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы үміткерлердің жиналған ұпайлары бойынша қатысушыларды іріктейді. Ұпай санына некеге тұрған жылдары, балаларының болуы, кәсібі бойынша үздіксіз еңбек өтілінің ұзақтығы, халықтың әлеуметтік осал топтарына жатуы әсер ететін болады.

Үміткер тізімі құрылғаннан кейін олардың барлығы төлем қабілеттілігін растау үшін Отбасы банкіне жолдама алады. Банк қатысушыға заем алу туралы оң шешім шыққан күннен бастап баспана іздеуге 45 күнтізбелік күн уақыт береді. Пәтерді Алматы қаласындағы алғашқы немесе екінші нарықтардан, сондай-ақ «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі бар нысандардан сатып алуға болады.

Отбасы банк тұрғын үйін сатып алуға 18 млн теңгеге дейін заем бере алады (егер мүліктің құны 18 млн теңгеден жоғары болса, онда айырмашылықты қатысушы өз қаражаты есебінен төлей алады). Алғашқы жарна кемінде 10% болуы керек. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 5% (ЖТСМ 5,2%) болады. Несиені 25 жылға дейін алуға болады.

Байланысты Материалдар

Семейдегі өрт: Тағы 11 адамның денесі табылды

10.06.2023

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

“Жеңгетайлар” күніне 2 миллион пайда тапқан

17.03.2023

Қор нарығында доллар 3,76 теңгеге арзандады

02.08.2022

Ауылда диірмен мен май шайқайтын жұмыс орын тұралап тұр

21.07.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Семейдегі өрт: Тағы 11 адамның денесі табылды
  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа