2023 жылы “Бақытты отбасы” тұрғын үй бағдарламасы аясында 32,2 млрд теңгеге 3176 ипотекалық несие және “Шаңырақ” бағдарламасы бойынша 39,7 млрд теңгеге 3610 ипотекалық несие беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр депутат Дәулет Мұқаевтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.
“Тұрғын үй бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жетім балаларға 2% жарнамен жеңілдетілген несиелер беріледі. Ал басқа санаттағы кезекте тұрғандарға 5% жарнамен және кемінде 10% міндетті алғашқы жарнамен беріледі. Бұл ретте несиенің мақсаты – әлеуметтік тұрғын үй сатып алу”, – делінген ресми жауапта.