No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биыл ел халқының қаржылай сауаты 39,02 пайызды құрады

24.11.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биыл қаржылық мониторинг агенттігі әрекеті күмәнді 8,5 мың интернет ресурстың жұмысын бұғаттаған. Дегенмен, қазіргі таңда тіпті жоғары білімі бар, көз ашық азаматтардың өзі қаржы алаяқтарының алдауына түсіп жатады. Оған себеп – халықтың басым көпшілігі қаржылық қауіпсіздік дағдыларын білмейді. Бұл тенденция Қазақстанда ғана емес Еуропа мен Орталық Азия елдеріне де тән. Бұл туралы орталық коммуникациялық қызметінде өткен “Халықтың қаржылық қауіпсіздігі мен сауаттылығын арттыру туралы” брифингте қаржы мониторингі агенттігі, кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты.

Ведомства өкілдері қаржылық қауіпсіздік дағдыларын мектеп қабырғасынан бастап қалыптастыру керек екенін айтады. Қазіргі таңда қаржылық қауіпсіздік бойынша 5-сыныптардан бастап модульді пән ретінде сабақ өтіледі.

Сондай-ақ, спикер қаржылық алаяқтықтың үдеуіне интернет арқылы ұсынылатын қаржылық өнімдердің саны жыл сайын артып, оған қол жеткізе алатын адамдардың жасарып бара жатуы ықпал еткеніне ерекше назар аударды. Өйткені елімізде балалар 10 жастан бастап-ақ банк картасын қолдана алады.

“Қазіргі таңда Қаржылық мониторинг агенттігі “Қаржы пирамидасы” секілді алаяқтық формасын құру мен жетекшілік етуге қарсы іс-қимыл механизмдерін іске қосып, жетілдірген. Қазір интернет арқылы алаяқтарға қаржы аудару  мүмкіндігін азайту үшін күмәнді сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар анықталып, оларға тиым салынып жатыр. Тек осы жылы ғана  Қаржылық мониторинг агенттігі 8,5 мың осындай интернет ресурстың жұмысына тиым салды”, – дейді Нұрлан Адалиев.

Сонымен қатар, оқушылар мен студенттердің бойында қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру үшін өңірлердегі Қаржылық мониторинг департаменттері мен орталық аппарат мамандары биылғы оқу жылында тұңғыш рет студенттер мен оқушыларға дәрістер өткізді. Онда банк карталары, интернет сауда, қаржы пирамидасы мен слудомания проблемасына қатысты ақпараттар берілді. Жыл басынан бері мұндай сабақтар 17 мыңнан астам оқушы мен студентті қамтыды. Мұндай лекциялар 300 мектеп, 34 ЖОО мен 40 колледжде оқылған.

Жалпы, қазақстандықтардың қаржылай сауаты көтеріліп келеді. Экономикалық даму және ықпалдастық ұйымының зерттеуінше биыл қаржылай сауат индексі 39,02%, былтыр ол көрсеткіш 39,52%-ды құраған еді.

 “Негізі аталған индекс бойынша орташа халықаралық индекс 40%-ды құрайды. Сондықтан, бұл жаман нәтиже емес”, – дейді Нұрлан Адалиев.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда әйелдерді еңбекпен қамту жағдайы қиындап барады

10.01.2023

Бизнес саласындағы бикештер марапатталды

12.09.2022

Маңғыстау энергетикалық зауытында жүздеген заң бұзушылықтың беті ашылды

28.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа