No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнес бастағысы келетін іскер әйелдерге байқау жарияланды

Еліміздегі кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін әйелдерге грант беріледі, деп хабарлайды kazbusiness el.kz-ке сілтеме жасап.

01.03.2023
Жаңалықтар
86
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Астанада «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылдың тұрақты дамуы» атты республикалық конференция өтті. Ауылды дамытуға және ауыл әйелдерін қолдауға арналған отырыста Қазақстанның Ауыл әйелдері форумы ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина «Coca-Cola Белестері» жобасының басталғанын айтты.

«Әлеуметтік жобаны өткізіп келе жатқанымызға 11 жыл болды. Мақсатымыз ауыл әйелдерін кәсіпкерлікке баулу, еліміздің өркендеуіне үлес қосу. Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап жыл сайынғы оқыту кезеңі мен кәсіп бастағысы келетін әйелдер арасындағы үздік бизнес-идеяға арналған «Coca-Cola Белестері» байқауы басталады. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздарға грант ұсынылады. Байқау 2023 жылдың 11 қазанына дейін жалғасады», – деді ол.

Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін әйелдерге грант беріледі

2013 жылы негізі қаланған жоба кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламалары арқылы Қазақстанның бүкіл аумағында, атап айтқанда аймақтарда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған. 10 жыл ішінде 60 мыңнан астам әйел оқытылды, олардың 117-сі өз ісін дамытуға грант алып, 300-ден астам жұмыс орнын ашты.

Жобаға қатысушылардың саны онлайн оқытудың арқасында жылына 2 мың адамнан 15 мыңға дейін өсті. Әйелдер ісі бойынша және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Ләззат Сүйлеймен кәсіпкер әйелдерге қолдау білдіру қажет екенін атап өтті.

«Қаладағы кәсіпкер әйелдерге қарағанда ауылдағы кәсіпкер әйелдердің саны төмен екенін білеміз. Сондықтанда алда әлі үлкен жұмыстарды атқару керек. Ауыл әйелдерінің ішіндегі белсенділеріне қолдау көрсетіп, оқыту, олардың әлеуетін пайдалана отырып әлеуметтік мәселелерді көтеруге үйрету қажет», – деді Ләззат Жаңылысқызы.

«Coca-Cola Белестері» жобасы аясында жылына кәсіпкер әйелдерге 20 грант беріледі. Оның алтауы 35 жасқа дейінгі жастарға арналған. Кәсіпкер әйелдерге 2000-4000 доллар қаржы бөлінетін болады.

Айта кеткен жөн, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша республиканың ЖІӨ-дегі ШОБ үлесінің өсуі 2022 жылы 33,5%-ға жетті. Жұмыспен қамтылғандар саны 35%-ға артып, 3,5 млн адамды құрады. Оның 31%-ы немесе 1 миллионы – әйелдер. Жұмыс істеп тұрған ШОБ кәсіпорындарының саны 2012 жылдан бастап 44%-ға өссе, онда 1,4 млн астам әйел адам бар. Сондай-ақ, еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 43,5%-ын әйелдер басқарады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

New Jersey Commuter Towns NYC-ге кірудің баламаларымен бөліседі, NJ транзиттік ереуілге дейін, NEWS 12 – Нью-Джерси

15.05.2025

Үкімет пияз бағасын реттеуді тапсырды

07.08.2022

Ақмола облысында картоп пен жемшөп дақылдарының алқаптары көбейді

11.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа