No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнес бастағысы келетін іскер әйелдерге байқау жарияланды

Еліміздегі кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін әйелдерге грант беріледі, деп хабарлайды kazbusiness el.kz-ке сілтеме жасап.

01.03.2023
Жаңалықтар
79
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Астанада «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылдың тұрақты дамуы» атты республикалық конференция өтті. Ауылды дамытуға және ауыл әйелдерін қолдауға арналған отырыста Қазақстанның Ауыл әйелдері форумы ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина «Coca-Cola Белестері» жобасының басталғанын айтты.

«Әлеуметтік жобаны өткізіп келе жатқанымызға 11 жыл болды. Мақсатымыз ауыл әйелдерін кәсіпкерлікке баулу, еліміздің өркендеуіне үлес қосу. Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап жыл сайынғы оқыту кезеңі мен кәсіп бастағысы келетін әйелдер арасындағы үздік бизнес-идеяға арналған «Coca-Cola Белестері» байқауы басталады. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздарға грант ұсынылады. Байқау 2023 жылдың 11 қазанына дейін жалғасады», — деді ол.

Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін әйелдерге грант беріледі

2013 жылы негізі қаланған жоба кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламалары арқылы Қазақстанның бүкіл аумағында, атап айтқанда аймақтарда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған. 10 жыл ішінде 60 мыңнан астам әйел оқытылды, олардың 117-сі өз ісін дамытуға грант алып, 300-ден астам жұмыс орнын ашты.

Жобаға қатысушылардың саны онлайн оқытудың арқасында жылына 2 мың адамнан 15 мыңға дейін өсті. Әйелдер ісі бойынша және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Ләззат Сүйлеймен кәсіпкер әйелдерге қолдау білдіру қажет екенін атап өтті.

«Қаладағы кәсіпкер әйелдерге қарағанда ауылдағы кәсіпкер әйелдердің саны төмен екенін білеміз. Сондықтанда алда әлі үлкен жұмыстарды атқару керек. Ауыл әйелдерінің ішіндегі белсенділеріне қолдау көрсетіп, оқыту, олардың әлеуетін пайдалана отырып әлеуметтік мәселелерді көтеруге үйрету қажет», — деді Ләззат Жаңылысқызы.

«Coca-Cola Белестері» жобасы аясында жылына кәсіпкер әйелдерге 20 грант беріледі. Оның алтауы 35 жасқа дейінгі жастарға арналған. Кәсіпкер әйелдерге 2000-4000 доллар қаржы бөлінетін болады.

Айта кеткен жөн, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша республиканың ЖІӨ-дегі ШОБ үлесінің өсуі 2022 жылы 33,5%-ға жетті. Жұмыспен қамтылғандар саны 35%-ға артып, 3,5 млн адамды құрады. Оның 31%-ы немесе 1 миллионы – әйелдер. Жұмыс істеп тұрған ШОБ кәсіпорындарының саны 2012 жылдан бастап 44%-ға өссе, онда 1,4 млн астам әйел адам бар. Сондай-ақ, еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 43,5%-ын әйелдер басқарады.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Картон қолданатын кәсіпкерлердің жұмысы тұралады

02.08.2022

Ипотекалық сегмент бір жылда 44,8 пайызға көбейді

26.12.2022
Paper banknotes tenge KZT. Tenge is the national currency of Kazakhstan. bank of Kazakhstan

«Google салығы»: Қазақстан бюджетіне 3 млрд теңге аударылды

12.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа