No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бизнеске қатысты қылмыстық істер жайлы кодексті қайта қарау қажет- Смайылов

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында үкіметтің инвестициялық блогының жұмысын күшейту жөніндегі ұсыныстар қаралды.

12.01.2023
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook
Смайылов республиканың инвестициялық ахуалын жақсарту жөнінде қосымша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Бұл ретте үкімет басшысы заңның үстемдігін қамтамасыз ету, яғни құқық қорғау және бақылаушы органдар тарапынан бизнеске қысымды төмендету жөніндегі шараларға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.
“Бизнеске қатысты қылмыстық істерді қозғауға түрткі болатын негізсіз себептерді алып тастау үшін Қылмыстық іс жүргізу кодексін қайта қарау қажет. Әділет министрлігіне тиісті тапсырма берілді, бұл жұмысты күшейтіп, аталған мәселені жан-жақты қарастыру керек. Кәсіпкерлер тап болып отырған шынайы проблемаларға тереңірек үңіліп, жылдам әрі нақты нәтиже беретін тиімді шараларды әзірлеу қажет”, — деді Әлихан Смайылов.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 15 трлн теңге болған. Бұл – жоспардың 94%-ы.
Министр қазіргі уақытта инвестициялық белсенділік біртіндеп қалпына келіп жатқанын атап өтті. Бұл ретте республиканың шикізаттық емес секторына салынған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі өсіп келеді.
Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында бірқатар кешенді шараны іске асыру ұсынылып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік преференциялар алу үшін органдардың өтінімдерін келісу мерзімін қысқарту және мемлекеттік қолдау шараларына ие болу үшін инвестициялардың шекті көлемін азайту ұсынылды.
Премьер-министр бұл тәсілдерді қолдап, артықшылықтар берілетін қызметтердің басым бағыттарының тізбесін мұқият пысықтап, жаңа ережелерді бекіту кезінде барлық өңірлік ерекшеліктерді ескеру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар отырыста Инвестициялар туралы келісім бекіту тетігін жетілдіру, өңірлердің инвестициялық рейтингін енгізу және қолданыстағы заңдар мен кодекстерде көзделген мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жандандыруға мүмкіндік беретін инвесторлар үшін арнайы НҚА әзірлеу мәселелері талқыланды.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Израиль қазақстандықтардың агро саласында білім алуына көмектесуге дайын

06.10.2022

Ұлттық палата 9 салада бизнеске қойылатын талаптарды қайта қарау жұмысын аяқтады

09.09.2022

Ел нарығына қанттың 58 пайызы шетелден жеткізіледі

27.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа