No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Боксшы Бейбіт Шүменов елордадағы сауда үйінде болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты

12.07.2023
Жаңалықтар
224
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бейбіт Шүменовөзінің Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

“Жағымсыз жағдай орын алды және басқа ракурстан көрсетілген бейнежазба мені дұрыс емес етіп көрсетті. Бұл жағдайды соңына дейін түсінбей, оқырмандар маған түрлі жағымсыз пікірлер жаза бастады. Ақпараттық дәуірде кез келген адамды жаман жағынан көрсетуге болатынын жақсы білесіздер”, – деп жазды Шүменов.

 

Оның айтуынша, бұл жағдайға балалар арасында кикілжің себеп болған.

“Сегіз жасар ұлым бұл күні ойын алаңында жүрген, ал оны басқа бала себепсіз арқасынан ұра бастады. Ұлым одан аллшақтап, әрі қарай ойынын жалғастырды. Бірақ бірнеше минуттан кейін әлгі бала қайтып келіп, ұлыма тағы шабуыл жасамақ болды. Балам  одан қаша бастады. Содан кейін ер адам баласын алып кетті. Ұлым мұндайға үйренбеген және бұл оған үлкен стресс болды”, – деді спортшы.

Айтуынша, баласының арқасы қызарып, сызаттар байқалған. Боксшы осыдан кейін баланың әкесіне барғанын айтты.

“Ұлымды ұрған бала сенікі ме дегенімде, агрессивті түрде “иә, ұрды, содан не бопты? Не істейсің маған?!” деді”, – деп жазды боксшы.

Оның айтуынша, ер адам аса зардап шеккен жоқ.

“Сот сараптамасы оның дене жарақаттарының салдарынан денсаулығына жеңіл де, орташа да зиян тимегенін растады және анықтады. Ер адамның қолында болған баладан кешірім сұрағым келеді және бала осы жағымсыз көріністің куәсі болғанына өкінемін. Қазіргі уақытта жанжал толығымен аяқталды. Мені жамандағысы келетін барлық адамдарға айтарым – мен қара болсын, ақ болсын, пиарға қызықпаймын және лас интригаларға қатысқым келмейді”, – деді Шүменов.

Боксшы ер адам баланы қалқан ретінде қолданды деп санайды.

“Мен оны мойнынан алған кезде ол сол қолындағы құралмен шабуыл жасай бастады. Сосын ол пышақ емес екенін түсінгеннен соң,  баланы жіберді де, пышақты алып, ішіме тықпақ болды. Қашып үлгердім. Сосын пышақты лақтырып жіберіп, баланы қайтадан қолына алып, оны қалқан ретінде қолдана берді. Маған пышақпен шабуыл жасаған сәтте мен ашуландым. Мен әке ретінде ұлымды ғана емес, өзімді де қорғауым керек еді”, – деп мәлімдеді ол.

Спортшы ер адам баласын жіберсін деп әдейі оны диванға қарай итергенін айтады.

“Мен кәсіпқой боксшымын, қалай соққы жасауды білемін, баланы ұрған жоқпын, содан кейін полиция келіп, бәріміз Есіл ауданының аудандық бөлімшесіне бардық. Балалар ешнәрсе болмағандай аудандық бөлімде ойнап кетті. Ал сол баланың анасы менен, жұбайымнан және баламнан кешірім сұрады және оның баласы аутизммен ауыратындықтан, адамдарды себепсіз ұрып-соғып, тепкілеуі мүмкін екенін айтты. Баланың анасы бұл туралы айтқан сәтте қатты өкіндім”, – деді басы дауға қалған спортшы.

Спортшы екі тараптың татуласып, сөйлесіп алғандарын айтты.

Айта кетейік, Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының тамақтанатын орнында төбелес болғаны хабарланды. Ішкі істер министрлігі бұл боксшы Шүменов екенін растап, тергеу басталғанын айтты.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Көлік жүргізушілер назарына!

06.05.2024

Енді қазақстандықтар eGov арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады

01.06.2023

Әуе рейстері неге кешігеді? – Scat басшысы жауап берді

30.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа