No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Бұл көрсеткіштер өте төмен”: депутат Гаухар Танашева “Бақытты отбасы” мен “Шаңырақ” бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастауды ұсынды

24.06.2023
Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мәжіліс депутаттары премьер-министр Әлихан Смайыловқа “Бақытты отбасы” және “Шаңырақ” бағдарламаларынан бастапқы жарнаны алып тастау туралы сауал жолдаған. Әлихан Смайылов сауалға жауап берді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

“Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша соңғы төрт жылда 14 938, “Шаңырақ” бағдарламасы бойынша 19 394 несие берілген. Бұл көрсеткіштер өте төмен.  Осыған орай екі бағдарламада да бастапқы жарнаны міндетті шарттардан алып тастауды ұсынамын” – деді Гаухар Танашева.

Биыл “Бақытты отбасы” және “Шаңырақ” бағдарламасы үшін 71,9 млрд теңге бөлінген.

Премьер-министр  мәжіліс депутаттарының бағдарламалардан бастапқы жарнаны алып тастау туралы сауалына жауап берді.

“2023 жылға бөлінген бюджет баспана кезегінде тұрған 415 700 адамның шамамен, 6 786 өтінішін қабылдауға жетеді. Бұл көрсеткіш ипотека бойынша баспана ала алатын мұқтаждардың жалпы санының 1,6 пайызын құрайды. Халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы ипотекалық бағдарламаларды қайта қарау қажет” – деді депутат.

“Бақытты отбасы” және “Шаңырақ” бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастауға келсек, қарыз бойынша бастапқы жарна кепілді қарыздар мен соның салдарынан туындайтын тәуекелдерді сақтандыруға арналған. Бастапқы жарнаны алып тастау немесе азайту қарыз алушының ай сайынғы қаржылық жүктемесін көбейтеді, — деп жазды үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол жергілікті әкімдіктер әлеуметтік тұрғыда осал топқа жататын отбасылардың ипотека жүктемесін азайту үшін тұрғын үй сертификаттарын беретінін еске салды.

Жергілікті атқарушы органдар халықтың әлеуметтік осал топтарына жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде бюджеттік кредит нысанында тұрғын үй сертификаттарын бөледі, — деп жазылған жауапта.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Жанармай бағасы өссе, азық-түлік бағасына әсер ете ме?

05.04.2023

Қонаевта тамақтану орындары тапшы

02.07.2022

Мемлекеттік балабақшалар қазақ тіліне көшіріле ме – министр жауап берді

06.06.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа