No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Былтыр Алматы облысында 37,2 мың жұмыс орны ашылған

14.03.2023
Жаңалықтар
3
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп хабарлайды kazbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әкім Президентке өңір экономикасының өсімін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру, сондай-ақ жаңа облыс орталығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, былтыр облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі саласы бойынша тұрақты өсім көрсеткіші сақталған. 37,2 мың жұмыс орны ашылған. Оның 26,3 мыңы – тұрақты жұмыс.

Мемлекет басшысына өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру, тұрғындар мен шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апаттар салдарынан болатын залалды мүмкіндігінше азайту жөнінде мәлімет берілді.

Президентке облыс орталығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді даму жоспарының әзірлену барысы туралы баяндалды.

Әкім көктемгі егін егу жұмыстарына, саяжай алаптары жөніндегі түйткілдердің шешілуіне, инженерлік инфрақұрылымның реконструкциясына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруға қатысты мәселелер туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қонаев қаласын дамыту жоспарын пысықтау жөніндегі жүйелі жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ  облыс аумағын кешенді дамыту міндеттерін жүзеге асыруды тапсырды.

 

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Жастарға жеңілдікпен шағын несие беріле бастады

02.03.2023

Үйден шықпай-ақ несие алуға қалай өтінім беруге болады?

13.09.2022

Қазақстанда майлы дақылдар 67% — ға өсті

22.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа