No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

CHEVRON Direct Investment-тің инвестициялаудағы критерийлері қандай?

бұл туралы Атырауда өткен «Казнефтегазсервис 2022» конференциясында Ж.Гилимова айтты

29.11.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
6
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Атырауда  жыл сайынғы  «Казнефтегазсервис 2022» конференциясы өтті. Х жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған ауқымды шараның биылғы  тақырыбы «Мұнай-газ құрылысы және Инжинеринг» деп аталды.  Мемлекеттік органдардың басшылары мен сарапшылары және 200 ден астам компания өкілдерінің басын қосқан жиында еліміздің мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелер ортаға салынды. Белгіленген регламентке сәйкес спикерлер өз презентациясын таныстырып сұрақ-жауап орын алды. Аталмыш конференцияда жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен  жобалардың жүзеге асырылуы да талқыланды. Бұл жөнінде конференцияға қатысушы спикерлердің бірі, CHEVRON компаниясының қайта инфестициялау жөніндегі менеджері Жанар Гилимова айтып берді. Атап өтсек, 2021 жылы CHEVRON компаниясы бизнесті дамытуға, бастауға 30 млн АҚШ долларына дейін тікелей инвестиция құя алатын жаңа қордың жұмысы бастады. Бір жылдың ішінде аталмыш қор қалай жанданды, кімдер өтініш білдірді,  және жоба ұсынудағы негізгі критерийлер қандай  деген актуальді сауалдарға конференциядан соң Жанар Гилимованың  өзінен жауап алдық:

Қайырлы күн Жанар! Жалпы CHEVRON -ның тікелей инвестициялау қоры қандай жобаларды қаржылай қолдауға дайын?

  • CHEVRON Direct Investment жеке компаниясы Қазақстанда тіркелген барлық коммерциялық кәсіпорындарға инвестиция салатын болады. Оның ішінде тауар өндірушілер, қызмет көрсету мен мұнай-газ саласы, қоршаған ортаны қорғау және цифрлық, ақпараттық технологияны дамыту салалары да қамтылады. CDIF-тің қаржылай қолдауына жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар мен бизнесін кеңейтуге ниетті адамдар және жаңа басталған стартаптар да өтінім бере алады.

Қордың өз жұмысын бастағанына 1 жыл таяды. Осы уақыт ішінде инвестициялауға өткен жобалар бар ма?

-Әзірге, біз таныстырып, жариялайтындай жобалар қолға алынған жоқ. Іріктеу жалғасуда. Біз күн сайын келіп түскен өтініштерді қалт жібермей қарап отырмыз. Талаптарымызға толықтай сай келетін жобалар, стартаптар анықталса біз қаржылай қолдауға дайынбыз.

Жобаларды инвестициялауда негізгі критерийлер қандай?

  • Жобаларды іріктеу кезінде қаралатын негізгі критерийлерге: Жоғарғы табыстылық, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік сала және коорпорацияны басқару саласындағы қажетті көрсеткіштерге сәйкестік, қаржылық және қаржылық емес қатерлер, құндылық құру, портфельді диверсификациялау жатады.  Іріктеудің негізгі критерийлері, қажетті жобалық құжаттар тізімі CDIF.KZ  сайтында көрсетілген. Ең бастысы қатысушылардан сайтта өтінім беру кезінде аса мұқият болуды, барлық жолақтарды толтырып, нақты мәлімет қалдыруды сұраймыз. Бұл іріктеу кезінде маңызды рөл атқарады.

Инвестиция құю үшін Атырау өңірі қаншалықты  тартымды?

  • Бүгінгі таңда CDIF инвестициялық мандаты Қазқстан аумағындағы комерциялық кәсіпорындарға инвестиция құюға дайын. Сондықтан ел  аумағындағы, оның ішінде Атырау облысын қосқанда барлық жобаларды іске асыруға ниеттіміз. Оның үстіне Атырау өңірінде мұнай-газ саласындағы қызметтерді немесе отандық жеткізу тізбегін толықтыруда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар көп.  Тағы да атап өтемін, CDIF-тің Қазақстандағы коммерциялық кәсіпорындарды инвестициялаудағы басты мақсаты- олардың ауқымын кеңейту,  жақсарту, жаңа технологиялық өзгерістер әкелу, цифрландыру, табысты кәсіпорындарды құру және жұмыспен қамту, еңбек ресурсын дамыту.

Сұқбатыңызға рахмет!

Дайындаған: А.САТАЕВА

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

«Таза парақтан» реттеу: АӨК саласындағы бизнеске қойылатын 170 талаптың күші жойылады

22.10.2022

Қазақстанда агросақтандыру сыйақыларын субсидиялау 50% -дан 80% -ға дейін артады

01.09.2022

Ел халқы бір ай ішінде 97,4 келі алтын сатып алды

18.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа