No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Дәріханалардың еуростандартқа көшуіне кәсіпкерлер наразылық білдіруде

09.12.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі барлық дәріханадан еуростандартқа көшуді талап етіп жатыр. Бұл талап жаңа жылдың бірінші айынан күшіне енуге тиіс болған. Алайда уақыт жақындағанда кәсіпкерлер наразылық білдірді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, еуростандарттың талабы көп. Сәйкесінше, шығыны да шаш етектен дейді.

“Қазір елімізде көтерме бағамен дәрі келетін кәсіп екі үлкен дүкен бар. Біз оларға ілесе алмаймыз. Олардың бағасы да арзан. Инфлияция, геосаяси жағдай әсер етіп, кәсіпті жүргізу қиындап барады. Мысалы, былтыр Алматы облысында 100-ге тарта кішкентай дәріханалар жабылып қалды. Енді мына еуростандарттың сұрауы тіпті қиын”, – дейді дәріханалар қауымдастығының төрағасы Камила Кобиридзе.

Еуростандарт бойынша дәріхана аумағы 30 шаршы метрден кем болмауға тиіс. Ал дәрілер екі түрлі мұздатқышта сақталуы керек. Әрі ем алатын жеке бөлме, мүгедектерге пандустар да болу талап етіледі. Дәріханашы ем іздеп келген адамға тек дәрігердің тағайындауымен дәрі сату қажет. Ал бізде соңғы уақытта ақшаға қызығып, сұрағанды бере берген дәріханашылар көбейген.

Заңсыз сатылған препараттардың ішінде психотроптылары да бар. Айыппұл арқалағаны қаншама. “Бұл лицензиядан өтудің жаңа форматы, қорқудың қажеті жоқ” – дейді министрлік өкілі. Төрт жыл бұрын ескертілсе де, еліміздегі 10 мың дәріхананың 500-і ғана жаңа стандартқа өткен. Сондықтан министрлік уақытты тағы созу мәселесін қарастыруы да мүмкін.

“2021 жылы 84 миллионнан аса айыппұл салынған. Оның ішінде дәрілік заттарды дұрыс сақтамау, дәріні рецепсіз сатқаны, фармацевт емес, басқа мамандар жұмыс істегені, нашақорға дәрілік затты рецепсіз сатқаны, жұмысын дұрыс атқармай жатқаны бойынша”, – дейді Медицина-фармацевтика қызметін бақылау комитеті басшысының орынбасары Ләззат Қашқымбаева.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Бизнес терминдеріне байланысты глоссарий

26.12.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөздер жүргізді

17.05.2023

Қазақстан мен Вьетнам өзара визадан бас тартпақшы

18.04.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа