No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының жәрдемақысы өсуі мүмкін

05.05.2023
Жаңалықтар
216
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының көтерме жәрдемақысын өсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz inbusiness-ке сілтеме жасап.

Министрлік бұл бастаманы қоғамдық ашық талқылауға шығарды. Ашық талқылау мамыр айының 22-сіне дейін жалғасады.

Жаңа ұсыныс бойынша көтерме жәрдемақыны 70-тен 100 АЕК-ке дейін көтеру жоспарланған. Яғни жәрдемақы 241 500 теңгеден 345 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Ал үй-жай құрылысы үшін жеңілдетілген несие беру 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қалып отыр.

Айта кеткен жөн, елімізде 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асып келеді.

Бағдарлама төмендегі мамандықтар бойынша ЖОО аяқтаған студенттер үшін арналған:

  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік қамтамасыздандыру;
  • мәдениет және спорт;
  • ветеринария.

Қалай бағдарламаға қатысуға болады?

Қазақстан Республикасы ауылдық жерлер аумағында елді мекенді таңдап, өздігінен онда жұмысты (ауыл мектебі, аурухана, мәдениет үйі, спорт кешендер және т.б.) табуыңыз қажет. Өздігінен жұмысты іздеу мүмкіндігі болмаса, облыстық әкімдіктерге жүгінуіңізге болады. Бос орын бар болуы туралы әкімдіктер сайтында білуге болады.Бұдан әрі Сіз Жобаға қатысу туралы өтінішімен аудандық әкімдік немесе аудандық маңызы бар қала әкімдігіне жүгінуіңіз керек. Оны арнайы комиссияға қайта жолдап, құжаттарды қарап, шешімді шығарады.

Қажетті құжаттар

Көтерме жәрдемақы алу үшін:

  • өтініш;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • диплом көшірмесі;
  • жаңа жұмыс орны бойынша куәландырылған кадрлық қызметпен еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелім орны туралы мәлімет.

Тұрғын үйді сатып алуға бюджеттік кредитті алу үшін төмендегі қосымша ұсынылады:

  • сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау акті;
  • некесі туралы куәлік көшірмесі (егер үйленген немесе тұрмысқа шыққан жағдайда);
  • осы ауылдық елді мекенде маманда, оның жұбайы және баласында жылжымайтын мүлкі болмауы туралы анықтама (бар болған жағдайда).

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкер болу үшін 10 кеңес

29.12.2022

Алтынкөл кеден бекетінде 1 млрд теңгенің тауарын тәркіленді

21.09.2022

Доллар шамамен 8 теңгеге төмендеді

24.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа