Алматы қаласында “AA Trade Company” ЖШС басшысына қатысты сот үкімі шығарды. Ол аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша тергеуге алынған, деп хабарлайды Kazbusiness.kz қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
“Бұған дейін Ақтөбе облысында шаруаларға арналған мыңдаған тонна арзан дизель отынын қымбат бағамен сату фактісі анықталды. Осы саладағы операторлардың бірі шаруаларға арзан дизель жеткізудің орнына алыпсатарлықпен айналысқан”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бар болғаны 10,3 мың тоннасын жеткізген.