Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,11 теңгеге көтеріліп, 476,18 теңгені құрағанын мәлімдеді.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,85 теңгеге (-0,05) түсті.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 70,52 теңгеге (+0,01) тоқтады.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Бағаны Ұлттық банк 485,08 теңге деңгейінде белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 476-479,5 теңгеден, еуро 484-489 теңгеден, ресей рублі 7,3-7,7 теңгеден сатылуда.