No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Екібастұздағы апат: тұрғындардың шығыны қалай өтеледі?

05.12.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Тұрғындардан 2 мыңнан астам өтініш түсті. Осы орайда Екібастұздықтарға төтенше жағдайдан келген шығын қалай өтеледі деген сұрақ туындайды. Бұл сауалға Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жауап берді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

«Қала бойынша 12 жылыту бекеті бар. Оның ішінде 7 бекетте тұрғындардан өтініш қабылданады. Өтініште залалдың себебі мен келген шығын көлемін нақты көрсетуі тиіс. Егер үй иесі келген залалды өз есебінен өтеп, жөндеген жағдайда фискалдық чек талап етіледі. Тұрғындардың өтініші негізінде арнайы комиссия істі үш күн бойы қарайды. Содан соң шығын өтеледі», – деді қала басшысы Аян Бейсекин штабтың баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук апат шығынын есептеу жұмысының басталмағанын айтты.

«Шығын көлемін есептеу әлі басталған жоқ. Апатты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Содан соң ғана әкімдік залалды анықтау жұмысын қолға алады. Тұрғындардан 2 мыңнан астам өтініш түсті. Бірақ, нақты санды айта алмаймын», – дейді ол.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.

Кейін жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Қаржы пирамидасы қалай бүркемеленуі мүмкін?

25.01.2023

Алматы – майонез өндірісінің астанасы

17.02.2023

Алматы облысында көпбалалы ана төрт тігін цехын ашады

15.06.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа