No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елде шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкер әйел үлесі – 43,5 пайыз

27.09.2022
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Еліміздегі кәсіпкер әйелдердің үлесі – 43,5%. Олардың басым бөлігі шағын және орта бизнеспен айналысады. Бұл туралы Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі және гендерлік теңдікті дамыту коалициясының мүшесі Диана Ахметжанова мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

“Статистикаға сүйенер болсақ, елдегі кәсіпкер әйелдердің үлесі 43,5%-ды құрайды. Қоғамда бір жазылмаған заңдылық бар. Әйелдер көбінесе шағын және орта бизнеспен айналысады. Ал ер адамдар ірі кәсіпкерлікте жүреді. Әйелдер әлеуметтік кәсіпкерлікте, креативті индустрияда көп”, – деді Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі және гендерлік теңдікті дамыту коалициясының мүшесі Диана Ахметжанова.

Спикер Қазақстанның 6 өңірінде жүргізілген зерттеуге де тоқталды. Оның нәтижесіне сәйкес бірінші орында тұрған кедергі – ақпараттық қамтамасыз етудің ақсап тұрғаны.

“Бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік несиелер бөлініп жатыр. Олар қай уақытта бөлінді, кімдерге арналған – осы сынды ақпарат өңірлердегі әйелдерге жетпей жатады. Кәсіпкерлерді дамыту орталықтары бар екенін көбі біле бермейді. Бұдан бөлек қаржыландырудың жеткіліксіздігі мәселесі бар. Жыл сайын мемлекеттік гранттар аз көлемде беріледі. Ол сома бизнесті бастауға мүмкін жетіп те қалар, бірақ грант саны аз. Оны алудың да өзіндік талаптары бар. Мысалы, көп кәсіпкер әйел грант алу немесе несиелендіру бағдарламаларына ілінбей қалып жатады”, – дейді коалиция мүшесі.

Диана Ахметжанова қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-мәдени стереотиптер бизнеспен айналысқысы келетін әйелдерге кесірін тигізеді дейді.

Ал Қазақстандағы халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығы (CIPE) өкілі Зарина Бекболат кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары жөнінде бірыңғай онлайн бизнес-платформаның, еліміздің тәжірибесінде қолданылатын сапалы бизнес-оқытудың жоқтығын айтады. Бұдан бөлек гендерлік кедергілер де әйелдердің кәсіпкерлік қызметке толыққанды қатысуына мүмкіндік бермей отыр дейді.

Inbusiness.kz ақпараттық порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, коалиция көбінесе консультативтік қызмет атқарады. Оның мүшелері биылғы наурыз-шілде аралығында консультативтік кездесулер өткізген. Оның нәтижесі бойынша арнайы ұсыныстар дайындалып, Үкіметке, бизнес қауымдастыққа, ірі кәсіпорындарға жолданбақ.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Қонаевта тамақтану орындары тапшы

02.07.2022

Елде шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкер әйел үлесі – 43,5 пайыз

27.09.2022

Сәйкестендіру құжатынсыз өнім шығарған компаниялар 2 млн теңге айыппұл арқалады

01.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа