No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елде тұңғыш рет радиофармацевтикалық препарат өндірілді

Президент іс басқармасына қарасты Ядролық медицина орталығының базасында онкологиялық науқастарға зерттеу жүргізуге арналған алғашқы радиофармацевтикалық препарат өндірілді. Бұл туралы Президент іс басқармасы Медицина орталығының басшысы Алексей Цой айтты,  деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты. 

19.12.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

“Бұл препаратты өндіру үшін Президент іс басқармасы Медицина орталығы ауруханасының мамандары 4 жыл бойы еңбектенді. Қазір ғана Президент іс басқармасы Медицина орталығы ауруханасының базасында жуырда ғана ашылған Ядролық медицина орталығының циклотронды-өндірістік кешенінде онкологиялық пациенттерге ПЭТ/КТ зерттеу жүргізуге арналған алғашқы 18-фтородезоксиглюкоза (18F-FDG) радиофармацевтикалық препараты өндірілді”, – деп жазды Цой әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол 2026 жылға дейін өндіріске 9 радиофармпрепаратты енгізу жоспарланғанын, оның 8-і Қазақстанда алғаш рет өндірілетінін атап өтті. 2023 жылы келесі жаңа 3 РФДП өндіріске енгізіледі: 18F-NaF, 11C-MET, 18F-DOPA. Бұл онкологиялық пациенттер үшін диагностикалық зерттеулер спектрін кеңейтуге және шет елдерге бармай-ақ біздің елімізде осы препараттармен ПЭТ/КТ зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Әр түрлі онкологиялық ауруларға ерте бастан диагноз қойып, пациенттердің өмірін ұзартуға көмектеседі.

“Бұл жердегі мәселе онкологияны диагностикалау ғана емес, сонымен қатар ел медицинасының кардиология мен неврология саласындағы диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда”, – деп түйіндеді Алексей Цой.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Кайдзен: бизнесті ілгерілетуге арналған жапондық философия

24.10.2022

Шілде айынан бастап электр энергиясы қымбаттайды

26.04.2023

Алматы облысында бизнеске заңсыз араласқан 16 лауазымды тұлға сотталды

25.11.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа