No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 6,9%

14.10.2022
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанда жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6,9%-ға ұлғайып, 6,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы мәлімдеді. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бұл өсім өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің 11%-ға және мал шаруашылығы өнімінің 1,1%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, министр егін жинау науқанының соңғы кезеңдері туралы есеп берді. Бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында астық жиналды. Соңғы мәліметтер бойынша орташа өнімділігі 13,5 ц/га болатын 21,6 млн тонна астық бастырылды.

Мал шаруашылығында ет өндірісінің 0,7%-ға (1 464,5 мың тонна), сүт өндірісінің 1,8% – ға (5 087,7 мың тонна), жұмыртқа өндірісінің 5,3%-ға (3 824,4 млн дана) өскені байқалды.

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсу қарқыны бойынша Қостанай облысы – 119,9%, Ақмола облысы – 116,5%, Маңғыстау облысы – 114,8% және Солтүстік Қазақстан облысы -112,2%- бен көш бастап тұр.

Бұдан бөлек, азық-түлік өндірісінің көлемі 3,7%-ға, ақшалай баламада 2,1 трлн теңгеге дейін өсті.

«Бұл ретте қант өндірісінің 49,8%-ға – 179,4 мыңнан 268,7 мың тоннаға дейін, жарманың 40%-ға, өсімдік майының 39,9% -ға өсуі байқалады», – деп атап өтті министр.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестицияларға келетін болсақ, олар 598,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ға артық. Азық-түлік өндірісіне инвестициялар 27,6% -ға ұлғайып, 88,8 млрд теңгені құрады.

Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігі жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр, деп қорытындылады Ербол Қарашөкеев.

Байланысты Материалдар

Семейдегі өрт: Тағы 11 адамның денесі табылды

10.06.2023

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Таразға бөлінген қайтарымсыз гранттарға 700-ден астам адам таласып жатыр

28.04.2023

Шетелде демалыс кезінде ақша үнемдеу жолдары

27.12.2022

“Болашақ” гранттарының 60% техника және медицина саласына берілмек

22.04.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Семейдегі өрт: Тағы 11 адамның денесі табылды
  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа