No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде киім-кешек пен аяқ киім бағасы бір жылда 10%-ға қымбаттаған

2022 жылдың маусым айында киім-кешек пен аяқ киім бағасы бір айда 1,4%-ға, ал бір жылда 9,7%-ға өскен.

04.08.2022
Жаңалықтар
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Қазақстанда ТМД бойынша ең төмен бағалар бар деп айта алмаймыз.  Себебі, елімізде джинсы бағасы 67,4 доллар екен. Ерлердің былғары іскерлік аяқ киімінің бағасы – 81,3 АҚШ доллар болса, Nike кроссовкаларының бағасы 69 АҚШ доллар болады. Жазғы көйлек бағасы – 33,4 АҚШ доллар.

Айлық динамикада Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында бағалардың өскенін аңғаруға болады.

Ал, жылдық динамикада Маңғыстау облысының тұрғындары киім-кешек пен аяқ киім бағасының бірден 16,5%-ға өскенін байқаған. Антилидерлер үштігіне Қызылорда және Атырау облыстары кіреді. Ең төмен баға Алматыда (6,3%) тіркелді.

Маусым айында ерлер киімі 1,1%-ға, аяқ киім 2,1%-ға қымбаттаған. Ал, бір жыл ішінде ерлер киімі 9,1%-ға, аяқ киім бағасы 9,5%-ға өскен.

Ерлер киім-кешегі арасында майкалар (14,9%-ға), джинсы (10,7%-ға), спорттық костюмдер (10%-ға), футболкалар (9,8%-ға), шұлықтар (9,7%-ға), қысқы күртешелер (8,7%-ға), жейделер (8,2%-ға), жел күртешелері (7,9%-ға), маусымдық пальто (6,7%-ға), жемпірлер (5,4%-ға), шалбарлар (5,2%-ға) бағалары қымбаттаған.

Бір жыл ішінде ерлер аяқ киімінің бағасы да өөзгеріске ұшыраған. Мысалы, сандалеттер мен жазғы туфли (11,6%-ға), қысқы етік (10,4%-ға), ересектерге арналған үй аяқ киімі (9,8%-ға), маусымдық және қысқа бәтеңке (8,9%-ға), туфли (8,1%-ға), кроссовкалар (7,9%-ға) бағалары өскен.

Әйелдердің сыртқы киім бағасы бір айда 1,3%-ға, бір жылда 8,9%-ға өскен. Ал, аяқ киім бағасы бір айда 1,4%-ға және бір жылда 9,5%-ға көтерілген.

Жылдық динамикада көйлектер бір жылда бірден 11,9%-ға, футболкалар 11,2%-ға, қысқы күртелер 10,8%-ға, блузкалар, спорттық костюмдер 8,8%-ға, шалбар мен колготкилер 8,7%-ға қымбаттаған. Бұдан басқа пальто, халат, үлбір тондар, джинсы және т.б. киім-кешек түрлерінің бағасы да көтерілген.

Бір жылда аяқ киім арасында былғары сандалийлер (12,5%-ға), қысқы етік пен бәтеңке (10,2%-ға), маусымдық етік пен бәтеңке (8,8%-ға), өкшесі төмен былғары туфли (8,4%-ға), кроссовкалар (2%-ға) бағалары өскен.

Балаларға арналған киім-кешек пен аяқ киім бағасы да қымбаттаған.  Сыртқы киім бағасы бір айда 1,1%-ға, ал бір жылда 9%-ға өссе, аяқ киім бағасы бір айда 1,9%-ға, бір жылда 14,7%-ға көтерілген.

Бір жылда футболка (12,8%), пижама (11,9%), шұлықтар мен гольфилер (10,9%), мектеп жасындағы балаларға арналған маусымдық күртешелер (10,5%),  қысқы комбинезондар (10,3%) бағасы қымбаттағанын байқауға болады. Бұдан бөлек мектеп жасындағы балаларға арналған қысқы күртешелер (9,7%), джинсы (9,3%), шалбар (9,1%), колготки (8,6%), ұл балаларға арналған жейделер (8,5%), спорттық костюмдер (7,9%) бағасы да көтерілген.

Балалар аяқ киімінің бағасы да қымбаттаған. Қысқы балалар етігі мен бәтеңке (15,9%), кроссовкалар (15%), жазғы сандалийлер мен туфли (13,4%), балалар маусымдық аяқ киімі мен қысқа аяқ киім (13%), қыздарға арналған туфли (9,7%) бағалары өскен.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ең тиімді депозит қайда?

14.02.2023

Трамп несие алғысы келеді, бірақ кінә, біз үшін, АҚШ экономикасы үшін – саясат

05.05.2025

Алматы облысында аудандық білім бөлімінің есепшісі өзіне өзі қол жұмсады

15.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа