No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары пайда болды

03.07.2023
Жаңалықтар
фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді, деп хабарлайды kazbusiness.kz еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік кодекстің күшіне енуімен мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының мәртебесі, олардың негізгі ережелері, құқықтары мен міндеттері бекітілді.
Қазақстан Республикасы бойынша әлеуметтік қорғаудың бас мемлекеттік инспекторы орталық мемлекеттік орган деңгейінде бекітіледі.
Министрліктің еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық департаменттерінің басшыларына өңірлер бойынша бас мемлекеттік әлеуметтік инспектор мәртебесі берілді. Әр өңірде әлеуметтік қорғаудың қатардағы мемлекеттік инспекторларының штаты бекітілді.
Әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларының құзыретіне: мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнаманың сақталуына әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындау, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік төлемдерді алушыға уақтылы және толық аудару бөлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кіреді.
Мына субъектілерге мемлекеттік бақылау жүргізіледі:
  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететіндер (қарттарға, мүгедектерге арналған үйлер, оңалту орталықтары, күндізгі болу орталықтары);
  • мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз ету бөлігінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері;
  • мүгедектігі бар адамдар үшін толық қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік және жеке әлеуметтік инфрақұрылым объектілері;

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарына зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау, уақтылы және толық төлеу бөлігінде тексеру.

Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларына арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, әлеуметтік қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету туралы функциялар беріледі.
Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілер анықталған жағдайда, мемлекеттік инспекторлар тексерілетін субъектінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерін жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарым шығаруға уәкілетті болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Елімізде орташа жалақы 365 502 теңгеге дейін өсті

08.08.2023

Бүгін қайтарымсыз грант алуға өтініш қабылдау басталды

20.02.2023

Жеке кәсіпкерлер МӘМС жүйесіне жарнаны қалай төлейді?

11.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа