No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде қанша адамның мойынында ипотека тұр?

25.05.2023
Жаңалықтар
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ипотека әлі күнге дейін көптеген қазақстандық үшін баспана сатып алудың негізгі жолдарының бірі болып табылады. Осы орайда “Крыша” порталының сарапшылары бүгінде елімізде қанша азамат ипотека төлеп отырғанын анықтап көрді. Бұл маңызды мәліметпен kazbusiness.kz тілшісі қазір сіздермен бөліседі.

2023 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар арасында ипотекаға сұраныс айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, елімізде ипотека арқылы тұрғын үй сатып алып жатқан қарыз алушылардың саны тұрақты түрде өсіп келеді.

Бүгінде Қазақстанда ипотекалық несиелеудің жалпы портфелі шамамен 5,9 триллион теңгені құрап отыр, ал биыл 1 мамырда ипотека алғандардың саны жарты миллионға жеткен. Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда 500 мыңға жуық азаматтың ипотека төлеп отырғаны анықталған.

Айта кетейік, ипотека алғандардың басым бөлігі (290 мыңға жуық қарыз алушы) кемінде 10 жыл ипотекалық несие төлеуге мәжбүр, ал әрбір оныншы несие алушы кем дегенде 20 млн теңгені төлеуге тиіс. Орта есеппен әр қазақстандықтың банкке қарызы 10,2 миллион теңгені құрап отыр.

Сарапшылардың пікірінше, ипотека бойынша ең көп несие Астана (98,1 мың адам) мен Алматы (83,5 мың адам) тұрғындарына берілген. Еліміздегі ипотекалық несие алған азаматтардың 36 пайызы осы екі қалада тұрады.

Бүгінде кей қазақстандықтар пәтерлерін ипотека алған кезде оны жалға беруді жөн көреді. Бұл пәтер құнын өндіріп алу үшін жасалады. Алайда белгілі болғандай, соңғы кезде бұл әдіс еліміздің барлық өңірінде іске аса қоймайтын болып шықты.

Мәселен, облыстағы орташа жалдау құнын ескеретін болсақ, ипотеканы жауып, таза табыс көру үшін кейбір қала тұрғындарына пәтерін кем дегенде 20 жылға жуық уақыт жалға беруге тура келеді.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда экспортты ілгерлету жөнінде кеңес құрылу ұсынылды

20.10.2022

Онлайн-полис: үйден шықпай-ақ нені сақтандыруға болады?

23.01.2023

570 мың теңге. Қазақтсандағы жалақысы көп жұмыс қандай?

29.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа