Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жыл басынан бері 21,9%-ға өсті.
Жылдық мәнде олар 21,3%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,9 пайыздық тармаққа жоғары.
Өткен апта ішінде арзандады:
- Қант – 1,4%;
- Қарақұмық жармасы – 0,5%.
Өткен апта ішінде қымбаттады:
- Пияз – 1,8%:
- Жұмыртқа, І санат – 1,2%,
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2022 жылғы 6 желтоқсанға:
- Қарақұмық жармасы – 517 тг/кг;
- Картоп – 153 тг/кг;
- Қырыққабат – 98 тг/кг.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.